Қызылорданың «Қайсары» екінші кезеңнің ойынын сырт алаңда жеңіспен бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорданың «Қайсары» екінші кезеңнің ойынын сырт алаңда жеңіспен бастады

Қызылорданың «Қайсары» екінші кезеңнің ойынын сырт алаңда жеңіспен бастады

Бірінші кезеңді 12 команданың ішінде ең соңғы болып аяқтаған Қызылорданың «Қайсар» командасының футболшылары 7-12 орындар үшін таластың бірінші ойынын кеше кешке Атырауда өткізіп, жергілікті команданы 2:0 есебімен жеңді.

  • 15 Тамыз 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz

Кездесудің бірінші жартысында ойыншылардың қаншама ұмтылғандарына қарамастан, есеп ашылмады. Ал екінші таймда қонақтар алаңда үстемдік етті. Соның нәтижесінде қызылордалық Стахив және Головешкин 61 және 76 минуттарда алаң иелерінің қақпасына гол соғып, жеңістің ауылын жақындата түсті.

Осы жеңісінен кейін қызылордалықтар турнир кестесіндегі ең соңғы орыннан 10-орынға көтерілді. Ал команданың бас жаттықтырушысы Альгимантас Любинскас алда әлі осындай 9 аса ауыр да тартысты ойындардың тұрғанын айтып, өз шәкірттерінің сол матчтарда барын салатындарын жеткізді. Бұған команданың екі аралықтағы үзіліс кезінде жаңа, қабілетті ойыншылармен толыққаны оң әсер етсе керек.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера