Қызылорданың «Қайсары» қатарынан он ойында ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорданың «Қайсары» қатарынан он ойында ұтты

Қызылорданың «Қайсары» қатарынан он ойында ұтты

Кеше футболдан Қазақстан біріншілігі бірінші лигасында 11 турдың ойындары ойналды.

  • 17 Маусым 2010
  • 443
Фото - Caravan.kz

Осы күні Алматы облысының «Сұңқар» командасын қабылдаған Қызылорданың «Қайсар» командасы қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түсіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Сыр бойы басты қаласының футбол жасағы осымен бұл біріншілікте 10-ыншы ойынын өткізді. Соның бәрінде де жеңіс биігінен көрінді. Осылайша 10 ойыннан 30 ұпай жинаған қайсарлықтар қазір бұрынғысынша турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келеді. Одан кейінгі екінші-үшінші орындарды бөлісіп келе жатқан Шығыс Қазақстан облысының қос командасы — Семейдің «Спартагы» мен Өскеменнің «Востогында» 11 ойыннан кейін 28 ұпайдан бар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера