Қызылорданың Тасбөгет кентінде сары түсті белгісіз жәндіктер пайда болған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорданың Тасбөгет кентінде сары түсті белгісіз жәндіктер пайда болған

Қызылорданың Тасбөгет кентінде сары түсті белгісіз жәндіктер пайда болған

Белгісіз жәндіктер тез көбейетін көрінеді.

  • 24 Маусым 2019
  • 169
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайдын. 

Қызылорданың Тасбөгет кентінде белгісіз жәндіктер пайда болған.

Тұрғындар сары түсті, тез көбейеді, сіркеге ұқсайды деп сипаттайды. Мамырдан бері белгісіз жәндіктерге 8 компания у шашқан. Нәтиже жоқ, деп жазды журналист Жазира Бегалы. 

Адам өміріне қаншалықты қауіпті, ауру тарата ма, ол жағын жергілікті эпидемиологтар да білмейміз деп құтылыпты.
Мамандар неге үнсіз отыр? Залалсыздандыру жұмысын неге ұйымдастырмайды?

Халықтың денсаулығына қауіп төніп тұрғанда бас қатырмайтын әкім, СЭС -тің қажеті қанша? Сонда олардың міндеті не?

Отбасымен мамырдан бері беймәлім жәндікпен алысып, әрекетімнен түк шықпаған соң Ағилаш Көшекбаева тілшілерден көмек сұрауға мәжбүр.

Денсаулық Сақтау Басқармасы Қызылорда, Қызылорда облысының әкімдігі, Бас мемлекеттік санитар Жандарбек Бекшин мырза мына проблема ушықпай тұрғанда алдын-алуды сұраймын.

ЕНДІ ОҚЫРМАННЫҢ ЖАЗҒАНЫН СОЛ КҮЙІНДЕ ЖАРИЯЛАЙМЫН:


"Саламатсыз ба?
Жазира ханым мен оте киын жагдайда отырмын.Жергиликти Кала Акими Налибаев, Обл Акими Кошербаев,Тасбогет кыстак Акиминен,Нур Отанга баршага жазып шырылдап болдык. 9 Мамырдан бастап Меним уймди, Енемнин уйн ,Коршимнин уйн кене ме тагы баска Нарсе ме каптап басып жатыр. Бир ай бойы агайыннын уйн жагаладым 9 рет адам жалдап улаттым болмады. Алдымен Сэске жандикти апарып комек сурадым, Ол жакта не екенин билмеймиз деди сосын, Саранча зерттеу орталыгына бардым.Саранча зерттеу орталыгы 2 уйди 90.000 мынга улады кетпесе тагы улап кетирип берем деп уаде берип Сайран агамыз кеткен. Окинишке орай уадесинде турмады сосын, Барлык жагдайды айтып фейзбуктен Акимдердин барине жаздым уйн жок тыныш.Енди 7 жас кызым,5 жасар мугедек кызым ,6 айлык кызыммен жандиктердин ортасында отырмын. Отыру мумкун емес.не истеймин.Ойыма сиз келдиниз.Кошекбаева Агилаш ", депті тілшіге жазған хатында оқырман.