Облыстық әкімшіліктің ақпаратына сәйкес, А.Көшербай 1953-жылы туған. 1999-2000-жылдары Арал ауданының әкімі және облыс әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Кейінгі кездері «Мотт-Макдональд-Темелсу» бірлескен кәсіпорнының бас инженері болып істеді.
Қаланың бұрынғы әкімі Мұрат Үдербаев денсаулық ахуалына байланысты қызметтен босатылды.
Облыстың басқа әкімшіліктерінде де ауыс-түйістер болды. Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Марат Есенов Жалағаш ауданының басшысы болып тағайындалды. Ал осы ауданның бұрынғы басшысы Нұрман Талқанбаев Қазалы ауданын басқаратын болды.