"Қызылқия" кенішінде төтенше жағдайдың зардабын жою жұмыстары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қызылқия" кенішінде төтенше жағдайдың зардабын жою жұмыстары жалғасуда

"Қызылқия" кенішінде төтенше жағдайдың зардабын жою жұмыстары жалғасуда

Бүгін, 1-сәуірде Қызылордада "Қызылқия" кенішіндегі №17 ұңғыда шыққан апаттың себеп-салдарын тексеру жөніндегі арнаулы комиссия мен АҚШ-тың "Бутс и Кутс"компаниясы, "ПККР" АҚ мамандарының қатысуымен кеңес өткізіледі деп межеленген. Кеңесте оқыс оқиғаның зардабын жоюға бағытталған алдағы іс-шаралар жоспары келісіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Сәуiр 2005
  • 556
Фото - Caravan.kz

Министрліктің хабарлауынша, кеше, 31-наурызда «Ақберен» РМКК-ның Қызылорда қалалық филиалының шұғыл тобы мен «ПККР»АҚ-ның мамандары ұңғының ішіне цементтеуші сұйықтықты айдады. Газды-ауалы қоспа ағыны сәл саябырсығанымен, 9-10 минуттан кейін қайтадан атқылай бастаған.

Апат зардаптарын жоюға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің «Ақберен» РМКК-ның шұғыл тобына жататын 14 адам мен 4 техника жұмылдырылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, орталық тиектің сынуы салдарынан 29-наурызда ұңғыдан мұнай атқылай бастаған болатын.

Перейти к новостям спорта