Қызылшаның асқынуы: Астанада 10 адам жансақтау бөлімінде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылшаның асқынуы: Астанада 10 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Қызылшаның асқынуы: Астанада 10 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қызылша ауруына қатысты кезекті бақылау шараларының нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, Астана қаласында қызылшаның көрсеткіші орташа деңгейден асып кеткен.

  • 6 Наурыз 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz

Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті төрағасының айтуынша, соңғы бір аптаның ішінде республика бойынша қызылшаға 438 адам шалдыққан. Олардың ішінде 282 адам — 14 жасқа дейінгі балалар. Осылайша, қызылшамен ауырып қалғандардың 65 проценті балалардың арасында тіркеліп отыр.

«Қызылша барлық аймақтарда тіркелді. Астанада бір аптаның ішінде 99 оқиға болды. Осыған байланысты ауруxанада қосымша кереуеттер қойылып жатыр. Жалпы, республика бойынша 186 адам ауруxанада ем-дом алуда. Ал Астанада 15 адам ауруxанаға түсті. Олардың ішінде 10 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қайғылы оқиғалар тіркелген жоқ», — деді Ж.Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. 

Оның сөзіне қарағанда, бір аптаның ішінде қызылшамен ауырып қалғандардың басым бөлігі Атырау (46), Жамбыл (24), Маңғыстау (16), Солтүстік Қазақстан (30), Павлодар (27) және Түркістан (41) облыстарында, Астана (99) және Шымкент (100) қалаларында тіркелді. «Енді, республика бойынша орташа көрсеткіш төмендеп жатқан жоқ. Ал Астана қаласында асып кетті», — деп атап көрсетті Ж.Бекшин.


Бас санитар қазақстандықтарға вакцинациядан өтуге кеңес беріп отыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сатып алуға қосымша 580,9 миллион теңге бөліп берді. Оған қызылшаға қарсы тағы 478 мың вакцина сатып алынады. Жоспар бойынша 1 сәуірде вакцинация басталады. 

Соңғы жаңалықтар