Қызылжарда ақыры нан бағасы қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжарда ақыры нан бағасы қымбаттады

Қызылжарда ақыры нан бағасы қымбаттады

Астығы өзінен артылатын Қызылжарда нан бағасы ақыры қымбаттап тынды. Енді халықтың көзі үйренген нан 65 теңгеден сатылып жатыр. Осыдан он шақты күн бұрын дәл осындай жағдай болғанда, шенділер шулап кеткен жұртты сабырға шақырған. Олар жергілікті комбинатпен келісіп, нанның бағасын он күнге түсірткен еді.    

  • 14 Қазан 2014
  • 524
Фото - Caravan.kz

Осы он күн бойы жергілікті ақпарат құралдарында нан бағасына қатысты насихат қатты жүрді. Әкімдік пен монополист елді екі түрлі нанды шатастырмауға шақырды. Айтуларынша, әлеуметтік нан сол баяғы 45 теңге күйі қалған. Ал 65 теңгеден сатылып жатқаны зауыттың «ерекше Петропавлдық» деген жаңа өнімі екен. Оның үстіне шағын дүкендерге арзан нан аз тасылатындықтан тез бітіп қалатын көрінеді. Қараша мұны алдау деп отыр. 


Наталья Малышева, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Мына нан 45 теңгенің наны. Дәмі ап- ащы, жеу мүмкін емес. Ал мынау біздің көзіміз де, тіліміз де үйренген нан. Ол қазір 65 теңгеден сатылып жатыр. Яғни 20 теңгеге қымбаттаған. Сонда олар бізді ақымақ көріп отыр ма?