Қызылжарда қала күніне арналған мереке өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжарда қала күніне арналған мереке өтеді

Қызылжарда қала күніне арналған мереке өтеді

12-шілдеде Қызылжарда қала күні атап өтіледі. Осыған орай қаланың Орталық алаңында қала әкімі мен Ресейдің Омск қаласынан келген өкілдердің қатысуымен күндіктің салтанатты ашылу шарасы өткізіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Шiлде 2003
  • 602
Фото - Caravan.kz

Соған сәйкес екі қаланың кәсіби және әуесқой өнер ұжымдарының үлкен концерттік бағдарламасы жоспарланған. Жеңіс саябағында ардагерлер хоры мен әскери үрмелі аспапатар оркестрінің қатысуымен ретро-концерт өтеді. Қалалық мәдени- демалыс саябағында балаларға арналған «Балалық Планетасы» атты бағдарлама мен қуыршақ театрының концерті, «Шапито» циркінің қойылымы мен татар-башқұрт халықтарының дәстүрлі «Сабантой» мерекесі өтеді деп жоспарланған.

Күндік бағдарламасы түн ортасында Орталық алаңдағы от шашумен аяқталады.
Петропавловск-Қызылжар қаласының іргетасы 12-шілдеде қаланған деп саналады. Қала бекініс ретінде 1752-жылы салынған. Оған православие дінінің Петр және Павел апостолдарының құрметіне Петропавловск деген атау берілді. Географиялық қолайлы өңірде орналасқан қамал соңынан Ташкент, Бқхара және Қытаймен сауда-саттық жасайтын ірі сауда орталығына айналды.

Соңғы жаңалықтар