Қызылжарда қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың тағдыры жөнінде деректі фильмнің түсірілімдері басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжарда қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың тағдыры жөнінде деректі фильмнің түсірілімдері басталды

Қызылжарда қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың тағдыры жөнінде деректі фильмнің түсірілімдері басталды

Петропавлда қазақ халқының аса дарынды ақыны Мағжан Жұмабаевтың қайғылы тағдыры жөнінде деректі фильмнің түсірілімдері басталды.

  • 2 Қазан 2012
  • 615
Фото - Caravan.kz

«Естисің бе, тағдыр» атты туындының түсірілімін алматылық «Тұран-фильм» студиясы қолға алды. Сюжеттің негізінде ақын, азамат, Отанын сүйгіш жан мен қатал уақыттың сынына түскен Мағжан өміріндегі маңызды кезеңдер бейнеленеді.

Түсірілімдер Петропавлда және Мұхтар Әуезовтың мұражай-үйінің аумағында өтетін болады. Түсірілім тобының мүшелері Мағжанның туған жері — Сарытомар ауылында болып қайтады.

Кеше түсірілім тобының мүшелері С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада кездесу өткізді, онда олар фильмді түсірудегі шығармашылық жоспарлары жайлы айтты. Аталмыш туындының авторы әрі режиссері — Марат Қоңыров, ол көпшілікке «Кенесары», «Потерянный рай» фильмдерімен таныс.

Алдағы уақытта жарыққа шығатын фильм сюжетінің негізіне Мағжан Жұмабаевтың өмірі арқау болады. Мағжан рөлін 4 әртіс сомдайды.

Түсірілімдерді жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Алматы мен Астанада және Петропавлда кино тегін көрсетілмек.

Перейти к новостям спорта