Қызылжарда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжарда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры өтіп жатыр

Қызылжарда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры өтіп жатыр

Кеше Қызылжарда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 2-туры басталды.

  • 7 Желтоқсан 2011
  • 354
Фото - Caravan.kz


«Алматы» мен «Конденсат» (Орал) волейболшыларының ойынымен басталған бұл жарыста 3:1 (31-29, 23-25, 25-14, 25-16) есебімен алматылықтар жеңіске жетті. Ал Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы» атыраулықтарға 2:3 есе жіберсе, Хромтаудың «ТНК «Қазхромы» жарыс қожайындарын («Есіл») 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бүгін «Конденсат» пен «Атырау», Алматы» мен «ТНК «Қазхром», Есіл» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» өзара күш сынасады. Ақтық кездесулер 11-желтоқсан күні өтеді. Жалпы ел чемпионатының алғашқы турында бұған дейін алматылықтар бірінші, хромтаулықтар екінші, өскемендіктер үшінші орын алған болатын. Ал «Атырау», «Есіл», «Конденсат» командалары 4-6 орындарды бөліскен еді.