Қызылжарда жолды қыз-келіншектер де реттейді - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжарда жолды қыз-келіншектер де реттейді

Қызылжарда жолды қыз-келіншектер де реттейді

Петропавл қаласында әйелдер взводы құрылды. Енді жол қозғалысын ер азаматтармен қатар қыз-келіншектер де реттейді.

  • 24 Маусым 2017
  • 329
Фото - Caravan.kz

Көше қиылыстарына бірінші рет 10 нәзік жанды шығып жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол көрсетті. Бұл Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған шара. Бұрымды тәртіп сақшылары жол реттеу ережесін 1 ай бойы үйреніп, өздеріне жүктелген міндетті мінсіз орындады, деп хабарлайды "Хабар-24".

– Бірінші рет өткізіліп жатыр біздің облыста. Әйел адам қиылыста жол қозғалысын көрсетуде. Сондықтан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер тарапынан қызығушылық танытуда. Бізге қолдарын былғап, күліп өтеді, — дейді қалалық ІІБ ЖППБ аға инспекторы Баян Байғаскина.