Қызылжардағы қысқы бақтан сирек кездесетін теңіз тасбақасы ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжардағы қысқы бақтан сирек кездесетін теңіз тасбақасы ұрланды

Қызылжардағы қысқы бақтан сирек кездесетін теңіз тасбақасы ұрланды

Қызылжардағы қысқы бақтан табиғатта сирек кездесетін теңіз тасбақасы ұрланды. Жасы 80-нен асқан қызылқұлақты жәндікті экскурсияға келгендердің бірі қолды қылыпты.  

  • 26 Қазан 2012
  • 466
Фото - Caravan.kz

Зоологтардың айтуынша, ұрлыққа балалар емес, осындай жәндіктің тілін білетін біреу барған. Өйткені табиғатында тағы саналатын тасбақаның адамға да шабуыл жасайтыны бар. Тек аударып ұстаса ғана, аяғын бауырына жинап тыныштала қалады екен. Қосмекенді зообақтың бұрынғы бастығы 1972 жылы Вьетнамнан алып келіпті. Бақ мамандары енді қалған екі тасбақа да қолды болмасын  деген мақсатпен оларды қоймаға тығып қойған. 


Наталья Мерк, зоолог:

— Үлкен мереке қарсаңында тасбақаны ұрлаған адам, оны орнына білдірмей әкеп қойсыншы дегім келеді.  Бар тілегіміз осы. Егер жақын арада тасбақа табылмаса тәртіп сақшыларын шағымдануға тура келеді.

Соңғы жаңалықтар