Қызылжардың қысқы бағынан қолды болған тасбақа табылды
|
Қызылжардың қысқы бағынан қолды болған тасбақа табылды. Жасы сексеннен асқан қызылқұлақты теңіз жәндігін қаладағы зоодүкен иелерінің бірі әкеліп берген.
Айтуынша, дүкеніне сол күні кешке қарай бір жігіт кіріп қойнындағы тасбақаны екі көртышқанға айырбастауды өтініпті. Бұл айырбас тиімді көрінгенімен, саудагер тасбақаның ұрланғанын бірден түсіндім деп отыр. Өйткені өте үлкен аквариумды қажет ететін қосмекендіні үй жағдайында күтіп-баптау мүмкін емес. Сондықтан дүкен иесі өзінің әріптестерімен хабарласып, тасбақаның қайдан ұрланғанын анықтапты. Сөйтіп, бірден оранжереяға қайтарды. Ал ондағылар дүкен иесіне екі көртышқанның ақшасын өтеп берген. Естеріңізге сала кетейік, тасбақа осыдан бір апта бұрын Қызылжар оранжереясындағы зообұрыштан ұрланған еді. Оны 1972 жылы қысқы бақтың бұрынғы директоры Вьетнамнан алып келген екен.
Леонид Сырцев, зоодүкен иесі:
- Балалардың бұл қылығына таң қаламын. Солар үшін бар жағдайды жасаймыз. Табиғатты танысын, аяласын деп. Олар мұны түсінбей, қылмысқа барады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін