“Қызын көрсетпеді, ешкімді жолатпады” Мадина Садуақасова Тамара Асардың оқиғасын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қызын көрсетпеді, ешкімді жолатпады” Мадина Садуақасова Тамара Асардың оқиғасын айтып берді

“Қызын көрсетпеді, ешкімді жолатпады” Мадина Садуақасова Тамара Асардың оқиғасын айтып берді

Әнші Мадина Сәдуақасова құрбысы Тамара Асарды перзентханадан шығарған сәттегі суреттерді жүктеп, жазба қалдырды.

  • 13 Қыркүйек 2021
  • 2054
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Мадина ханымның айтуынша Тамара Асардың күйеуі қызын ешкімге көрсетпей қойған көрінеді.

Әнші инстаграм әлеуметтік желісінде мынадай жазба жариялады:

Кеше күшті қылып Тамараны бөпесімен перзентханадан шығарып алдық ! Папасы бір де бір жанға Ажар қызымызды көрсеткен жоқ , ешкімді жолатпады.  Енді Тамидың қызын көру бәрімізге арман болды-ау Тағы да , құттықтаймын , Тами ! Сен құпияға мықтысың ғой , сенің бөпелі болатыныңды жарты жыл бұрын біліп, ешкімге тіс жармау мен үшін өте қиын болды  ! Ажардың конвертының шетін ұстап ішімнен тілек айттым , сол орындалсыншы! ", — деп сөзін аяқтады.

Әншінің желідегі оқырмандары: "Біраз күліп алдық ау, көз тиеді деп қорыққан шығар","Дұрыс көрсетпесін","Жұғысты болсын сізге де, тағы да ана бақытын нәсіп етсін Алла","Ажар Жұмашқызы үлкен азаматша болып өссін","Бұл деген Тамараға берген Алланың ғажап сыйы ғой, ғұмырлы болсын", -деген пікірлер қалдырды.