"Қызыңыз папасына қатты ұқсайды екен": Жазира Байырбекова журналистерді мазалап жүрген сұрақтың нүктесін қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қызыңыз папасына қатты ұқсайды екен": Жазира Байырбекова журналистерді мазалап жүрген сұрақтың нүктесін қойды

"Қызыңыз папасына қатты ұқсайды екен": Жазира Байырбекова журналистерді мазалап жүрген сұрақтың нүктесін қойды

Әнші Жазира Байырбекова журналистер мен тыңдармандардың бірнеше уақыттан бері мазалап жүрген сұраққа нақты жауап берді. 

  • 7 Сәуiр 2020
  • 228
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Жазира ханымды журналистер қауымы біраз уақыттан бері мазалап жүрген сыңайлы. Әнші бұл туралы инстаграм парақшасында былай деп жазды:

"Қайдасыз деп сұрап жатқан журналистер қауымына ,тыңдармандарымызға арналған видео.
Жанболаттың туған үйіндеміз.
Ертерек індет жойылсын!
Адамдардың пейілі жөнделсін!
Аузымыздан тек жақсы сөздер шығатын болсын!
Әр адам отбасына,ата-анасына көбірек көңіл бөлетін болсын!
Халқымыз еңбекке талпынсын!
Басшыларымыз Алладан қорқып,халқына әділ болсын!
Біреуге тілеген жамандық та жақсылық та өзіңе айналып келеді.
Адамдар заманымызды жақсы жағына өзгертіп,бұл өтпелі кезең пендеге қайырлы болсын!", деп тәптіштеді. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova) on

Әншінің бұлай жауап беруінің де өз себебі бар. Карантин уақытында әнші жұптың аулыға барып тұруына байланысты жиі сұрақтар қойылған. "Неге қаланы тастап ауылда тұрып жатырсыздар", "ауылды ақыры мойындадыңдар ма?", "Ауылға барып тығылдыңыздар ма", "Ауылды менсінбейтін қазақтар" деп мазалаған. 

Дегенмен, Жазира ханым Дара қызы жайлы тіс жарып айтқан емес.