"Қызыңызбен сөйлескенде оған оңай болсын деп орысша сөйледім": Журналист Анна Данченко әнші Бақыт Шадаеваға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қызыңызбен сөйлескенде оған оңай болсын деп орысша сөйледім": Журналист Анна Данченко әнші Бақыт Шадаеваға жауап берді

"Қызыңызбен сөйлескенде оған оңай болсын деп орысша сөйледім": Журналист Анна Данченко әнші Бақыт Шадаеваға жауап берді

Танымал әнші Бақыт Шадаева “үйіме қонаққа келген журналист Анна Данченко шай үстіндегі әңгімені елге жайып салды” деп ренжіген болатын. Өз кезегінде журналист те әншіге жауап берді.

  • 14 Желтоқсан 2023
  • 5028
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Журналистің авторлық бағдарламасында әнші сұхбат берген болатын.

“Таңым бар. Кей адамдар өзінен емес, өзгеден қателікті іздегенді жақсы көреді. Өкінішті. Журналист жүргізушіге сұрақ қояды, ал кейіпкер оған жауап береді. Тек әр адамның жауабы әртүрлі болады. Мәселен, “қай жақпен құда болдыңыз?” деген сауалды кейіпкерлеріме көп жолдаймын. Сонда әр кейіпкердің жауабы әртүрлі болады. Бақыт ханымға мен тек нақтылау сұрақтарын ғана қойдым. Айтқысы келмейтін адам айтпайды, сұраққа ашылып жауап берген соң, мен тек тыңдап тұрмын”, – деп жазды журналист.

Журналист әнші екеуінің арасындағы әңгіменің скринін жариялады. Ол жерде Бақыт Шадаева “Сізге сұхбат беруге келіскен жоқпын” деп ренжіген. 

“Анна, сәлеметсіз бе? Мен сізге сұхбат берген жоқпын. Менің айтқан сөздерім бүкіл жерге таралып кетіпті. Мен оған рұқсат етпеймін. Өтінім, мұны тоқтатыңыз! Әйтпесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгінемін” деп хат жазған. 

Журналист те түсіндіріп, істің ақ-қарасын ажыратпақ болып, жауап берген.

“Мен сізді түсінбедім. Жарияланып кеткен материалдарға мен неге жауап беруім керек?!. 2 сағат бойы бағдарлама түсірілді. Директорыңыз Қымбат та бақылап тұрды. Кейіпкердің айтқысы келмеген сөздерін монтаждағанда алып тастап жүрдік. Сіздің де үш күн уақытыңыз болды. “Сұхбатты шығарма” деп хабарлассаңыз мәселе болмайтын еді. Менің жобаларымның дені – үй, отбасы, шығармашылық. Жеке өміріңізге араласпадым. Айтуға болмайтын дүниеден айналып өттім. Өзіңіз күйеу балаңызды айтқанда олардың ұрысына акцент жасамадым, керісінше әңгімеңізді жұмсартып, “ыдыс аяқ сылдырламай тұрмайды” деп жылы жаптым. Қайта “күйеу балаңыз ақылды, оқыған” дедім. Қызыңызбен сөйлескенде оған оңай болсын деп орысша сөйледім. Мені әріптестерімнің алдында жағымсыз етіп көрсетіп қойдыңыз”, – деп ренжіді журналист. 

Айтуынша, 16 жыл телевизия саласында жүріп, мұндай жағдайларға үйреніп қалған көрінеді.