Қызының аккаунтын қарағысы келген ата-анаға сот тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызының аккаунтын қарағысы келген ата-анаға сот тыйым салды

Қызының аккаунтын қарағысы келген ата-анаға сот тыйым салды

Германияның апелляциялық соты өзіне-өзі қол жұмсаған қызының өліміне кімнің себепші болғанны білгісі келген ата-анасына оның Фейсбуктегі аккаунтына кіруіне рұқсат бермеді.

  • 1 Маусым 2017
  • 447
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BBC ақпаратына сүйеніп, ҚазАқпарат хабарлады.

Қыздың ата-анасы 2012 жылдан бері оның аккаунтына кіруге рұқсат ала алмай жүр. Олардың 15 жастағы қызы метродағы пойыздың астына түсіп қаза тапқан болатын. Олар қыздарының өз-өзіне қол жұмсағанына сенімді және оған біреу итермеледі деп есептейді. Facebook компаниясы қаза тапқан жасөспірімнің жеке парақшасына кіруге рұқсат бермеген, сондықтан оның ата-анасы сотқа шағымданған.

Берлиннің бірінші соты Facebook-ті қыздың ата-анасына оның есеп жазбасын беруге міндеттеген еді. Себебі, заңнамаға сәйкес, есеп жазбасын хаттар мен күнделікпен бірге оның мазмұнына қарамастан «мұрагерлік жолмен» қарауға болатын. Facebook компаниясы соттың шешімімен келіспей, апелляцияға беріп, бұл жолы сот компанияның пайдасына шешім шығарды. Судьяның үкіміне сәйкес, қыз бен әлеуметтік желі арасында келісімшарт болған және ол оның өлімімен бір уақытта аяқталған.