Жарияланды: 5100

Қызы:Туған әкем тибет медицинасының емшісі, маған жыныс мүшесін ұстатып массаж жасататын

Қызы:Туған әкем тибет медицинасының емшісі, маған жыныс мүшесін ұстатып массаж жасататын

Нұршаш Алдабергенқызы студияға келіп, туған әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты. Қыз бала анасы екеуіне көпшіліктен көмек сұрай келді.

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды. 

Бетін жасыра келген Нұршаш туған әкесінің жыныстық қатынасқа тарта бастағанын, анасын ұрып, өмірін құртқанын айтады. Бір отбасында тұра алмаған қыз 8-сынып оқып жүргенінде балалар үйіне қашып кеткен екен. 

"Әкем Қытайдан келген. Тибет медицинасымен адам емдейтін. Бірақ жас қыздар, келіншектермен көңіл жарастырып көп жүретін. Анамды ұрып-соғып, бізді де ұрып-соғып өсірді. Менің жасым 13-те болатын. Жыныс мүшесін ұстатып, массаж жасауымды сұрайды. Мен айтқанын орындадым. Анама айтып едім, сөзіме сенбеді. Сондықтан балалар үйіне қашып кеттім", - деді ол.

Айтуынша, өзінен кейінгі сіңлісіне де туған әкесі осындай азғындық жасаған. Өздері үш ағайынды. Үлкені ұл бала. Ол ер жеткен соң әкесіне қарсылық танытатын болды. Бірде анасы мен қарындасын ұрғанын естіген ұлы әкесін жөнге салуға үйіне келеді. Өзі әлдекімнің  қойын бағып жүрген 18 жастағы кезі еді. 

"Әкемнің шөп теру кезінде аңдардан қорғанам деп жасатып алған оқ-дәрі қаруы болатын. Үйге келетін адамды құмалақ ашып біліп отыратын. Ағамның бара жатқанын біліп, қаруын дайындап отырды. Ағам екеуі далада төбелесіп, қару әкеме байқаусызда тиіп көз жұмды. Ағам әкесін өлтірді деп сотталып кетті", - деді Нұршаш.

Нұршаштың өзі де тұрмысқа шығып, ажырасып кеткен. Бүгінде екі баласы бар. Ал анасы Раушан екінші рет күйеуге тиіп, азаматтық некеде тұрып жатыр. Бірақ қызының атуы бойынша, ол күйеуі де анасын ұратын көрінеді. 

Нұршаш анасының ішкілікке салынғанын, есінен тана ішімдік ішіп кеткенін айтады. Соған қалайда көмек болса дейді. Анаммен бірге тұрсам деп армандайды. 

Бағдарлама қонақтары Нұршаштың екі баласын бала-бақшаға орналастырып беруге, анасын емдетуге уәде берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін