Қ.Жамалиевке және басқа тұлғаларға қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қ.Жамалиевке және басқа тұлғаларға қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты

Қ.Жамалиевке және басқа тұлғаларға қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында

  • 7 Тамыз 2015
  • 649
Фото - Caravan.kz


Қ.Жамалиевке және басқа тұлғаларға қатысты атышулы іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметінен.

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 126 бабының 2-бөлігінің 1,3 тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып бас бостандығынан заңсыз айыру), 121 бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған жыныстық сипаттадағы зорлық-зомбылық әрекеттері), 194 баптың 4-бөлігінің 2-тармағымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен күш қолдану арқылы аса ірі көлемде қорқытып алушылық) қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпталған Қ.С.Жамалиевке, А.Ш.Әбілтаевқа қатысты, ҚР ҚК-нің 194 баптың 4-бөлігінің 2-тармағымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен күш қолдану арқылы аса ірі көлемде қорқытып алушылық) қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпталған А.В.Прибытковқа қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды», делінген хабарламада.
Сот сотқа берілген дәлелдемелерді зерттеп, барлық сотталушыларды көрсетілген қылмыстарды жасағандары үшін айыпты деп таныды. Сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Қ.С.Жамалиевке оған тиесілі барлық мүлкін тәркілей отырып, 13 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеу тағайындалды.
А.Ш.Әбілтаевқа оған тиесілі барлық мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеу тағайындалды.
А.В.Прибытковқа қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша оған тиесілі барлық мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеу тағайындалды.
Жаза түрі мен өлшемін тағайындау барысында сотпен келесі мән-жайлар ескерілді. Сотталушылармен аса ауыр қылмыс санатына жататын бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалған, оның бірі аса ірі көлемде қорқытып алушылық. Екінші ауыр қылмыс санатына жататын қылмыстық құқық бұзушылық түрі — жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасау. Сонымен бірге сотпен қылмыстарды жасауда Қ.С.Жамалиевтің бастаушы болғандығы, А.Ш.Әбілтаевтың белсенді қатысушы болғандығы ескерілді.
Қ.С.Жамалиев үшін жаза мен жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде сот қылмыстық құқықбұзушылықты алкогольді мас күйінде жасағанын таныды. Барлық сотталушылар үшін жеңілдетуші жағдай ретінде олардың асырауында кәмелеттік жасқа толмаған балалардың барын таныды.
Сотталушыларға қатысты ҚР ҚК-нің 194 бабының 4-бөлігінің 2-тармағының талаптарына сәйкес (қорқытып алушылық), міндетті қолдануды қарастыратын мүлкін тәркілеу қосымша жаза түрі қолданылды. 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар