Қ.Жақыпов Қазақстандағы ЕО өкілдігінің басшысымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қ.Жақыпов Қазақстандағы ЕО өкілдігінің басшысымен кездесті

Қазақ елі мен Еуропалық Одақ екіжақты ықпалдастықты бұрынғыдан да тереңдетуге мүдделі. Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Қазақстандағы Еуропалық одақ елшісі әрі өкілдік басшысы Траян Христеамен кездесуінде осы мәселе сөз болды. Себебі күні кеше ғана қос тарап арасында Кеңейтілген ынтымақтастық пен әріптестік туралы келісімге қол қойылған болатын. Қазақстан – Азия елдері арасында осы келісімге бірінші болып қол жеткізген мемлекет. Бір жағынан Еуропалық Одақ еліміздің ірі сауда және инвестициялық әріптесі саналады. Еуропалық елдерден Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестиция мөлшері 102 млрд доллардан асты. Ал өз кезегінде Мәжіліс Төрағасы еуропалық кәсіпкерлерді «Нұрлы жол» бағдарламасы мен индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асырып, «ЭКСПО» көрмесіне қатысуға шақырды.

  • 22 Желтоқсан 2015
  • 452
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар