Жарияланды: 420

Р. Ахметов: Қазақстан аймақтық қауіпсіздікке үлкен назар аударып отыр

Қазақстан аймақтық қауіпсіздікке үлкен назар аударып отыр, Орталық Азиядағы ахуалды жақсартуға барын салып отырған еліміздің НАТО-мен арадағы тығыз байланысы осыны мазмұндайды.

Солтүстікатлантикалық альянстың халықаралық хатшылығының шақыруымен Брюссельде сапармен жүрген депутаттар делегациясының мүшесі, ҚР Парламент Сенатының депутаты Рашит Ахметов қазақстандық журналистерге берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасады. Сенатордың айтуынша, қауіпсіздік мәселесі Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады. «Осы тұрғыда біздің еліміз, Орталық Азия елдері арқылы Ауғанстандағы жағдайды жақсартуға және өңірдегі қауіпсіздікті қолдауға талпынып отырған НАТО мемлекеттерінің мүдделерімен тығыз байланысты аймақтық қауіпсіздікке үлкен назар аударуда», -дейді қазақстандық депутат. Р.Ахметов атап көрсеткендей, Қазақстан өзара мүдделі барлық салалар мен бағдарламалар бойынша, оның ішінде серіктестік іс-қимылдардың, төтенше жағдайларда үнқатудың, ғылыми ынтымақтастықтың және парламентаралық өзара іс-қимылдардың жеке жоспарларының аясында НАТО-мен белсенді ынтымақтастық орнатып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть