Р. Отунбаева: Қазіргі заманғы Қазақстанның тамаша жетістіктері Назарбаев есімімен байланысты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Р. Отунбаева: Қазіргі заманғы Қазақстанның тамаша жетістіктері Назарбаев есімімен байланысты

Р. Отунбаева: Қазіргі заманғы Қазақстанның тамаша жетістіктері Назарбаев есімімен байланысты

Қырғыз Президенті Роза Отунбаева Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Шiлде 2011
  • 889
Фото - Caravan.kz

«Туған күніңізбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз. Қазіргі заманғы Қазақстанның тамаша жетістіктері Сіздің есіміңізбен байланысты. Сіз Қазақстанды жаңару жолына шығарып, халқыңыздың дамыған елдердің қатарына қосылу туралы асқақ арманын орындай алдыңыз!

Біз Сіздің жетістіктеріңізге шынайы қуанамыз, Сізден көп нәрсені үйренеміз, халықтарымызға шынайы ынтымақтастық тілейміз. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге мықты денсаулық, Қазақстан халқының игілігі үшін Сіздің жауапты мемлекеттік қызметіңізге сәттілік тілеймін», — делінген құттықтау хатта.