Р. Тойматов: заңгерлерге, судьяларға "юстиция" деген сөз "әділет" деп аударылатынын естеріне салу керек еді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Р. Тойматов: заңгерлерге, судьяларға "юстиция" деген сөз "әділет" деп аударылатынын естеріне салу керек еді

Р. Тойматов: заңгерлерге, судьяларға "юстиция" деген сөз "әділет" деп аударылатынын естеріне салу керек еді

Қазақстан президенті өзінің инаугурациясында сот жүйесін жетілдірмек ниетінің барлығын және барлықтарының заң алдында теңдігін қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Және өзінің сөзінің растығы ретінде бұл бағытта елеулі қадам жасап, Жоғарғы сот, прокуратура мен ІІМ басшылығын ауыстырды.

  • 31 Мамыр 2011
  • 1765
Фото - Caravan.kz

Бірден алты судьяның отставкаға кетуі мен олардың кейбіреулерінің қамауға алынғаны да қоғамда елеулі қызу әңгіме тудырды. Олар туралы әзірге егжей-тегжейлі ақпарат айтылмайды, бірақ оны қоғам да күнделікті құбылыс ретінде қабылдайтын шығар.

Сот жүйесі шынымен де бейтарап, беделді, сатылмайтын, көзі байлаулы қолында таразысы бар Фемида болуы үшін не істеу керек?

Бүгінгі сот өндірісінің кейбір маңызды проблемалары туралы, алдын ала тергеу мен сотта айыптау және қорғау жағының теңдігі мен арасындағы бәсекелестігі туралы ҚазТАГ тілшісіне ҚР Жоғарғы сот экс-судьясы, Алматы қалалық аддвокаттар коллегиясының адвокаты Рауф Тойматов айтып берді.

– Мемлекеттің құқықтық кеңістікте тәртіп орнатуға деген тұрақты талпынысына қарамай, Қазақстандағы сот әділдігіндегі жағдай, сарапшылардың пікірінше, өзгермей тұр. Шын мәнісінде не болып жатыр?

– Ешнәрседе болып жатқан жоқ. Сот жүйесін реформалау Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы күннен басталды. Өкінішке қарай, өткен 20 жылда бұл салада екі нәрседен басқа ешнәрсе атқарылған жоқ: сот алқабилерін енгізді және соттарға қамауға рұқсат беру құқығы берілді.

— Ал не істеу керек?

– Барлық сот жүйесін өзгерту керек, себебі бұл жүйе жұмыс істей алмайды. Ал негіз ретінде әлемдік құндылықтарды алу керек. Оның мысалы – Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Ең алдымен онда пара алу деген жоқ. Оның себебі ол мемлекеттер батыстың құндылықтарын алғандығында. Оның негізі – декларацияланған емес, шынайы демократияда. Бұл елдерден айырмашылығы, Қазақстанда судьяларды президент тағайындайды. Тізімді кімдер жасайды? Үміткерлерді кім іріктейді? Таңдау критерийлері қайда, талқылаудың жариялығы қайда? Президентке тізімге кімдер іліксе – солар тағайындалады. Барлығы да жоғарыдағы кабинеттердің ішінде шешіледі. Сондықтан да тағайындалған судьялар халық алдында моральдық жауапкершілікте тұрмай, президентке тізімді жасайтын сол құпия адамдардың алдында жауапкершілік сезінеді.

– Дегенмен біз сот жүйесі дамыған елдерден немен ерекшеленеміз?

– Лайықты бәсекенің жоқтығымен және жергілікті соттардың судьяларының төрағаларға тәуелдігімен ерекшеленеді. Яғни судьялардың конституция берген тәуелсіздігі мен олардың тек қана заңға бағыныңқылығы жоққа шығарылған. Біздің сот жүйеміз декларация түрінде. Мысалы Алматы қалалық сот залына кіріп көрші, судьялар отырған үстел тұғырда тұр және сол деңгейде прокурордың, сот отырысы хатшысының орынтықтары тұр, ал адвокат пен процесске қатысатын басқалардың орындықтары сәл төменде. Мінеки, барлық сотқа қатысатындардың маңыздылығына қарай орын бөлісуінің көрнекті көрінісі.

Адвокат алдын ала төменге отырғызылып, оның орны қайда екендігі содан ақ көрініс тауып тұрғандай!

Екіншіден. Көптеген елдерде адвокат пен прокурор бірден ешқандай кедергісіз сотқа кіріп келіп, қандай да мәселелер бойынша өзінің көзқарасын айтып бере алады. Бізде оған тыйым салынған, және олай істеу мүмкін емес.

Іске қатысты сот шешімін алдын ала прокурор мен судья үйлестіріп алатыны ешкімге де құпия емес қой, прокурор судьяның кабинетіне ешқандай кедергісіз кіріп келе алады. Сондықтан адвокат қандай шешен болғанымен, және қанда болмасын дәйекті дәлел келтірмесін, сот шешімі прокурормен алдын ала келісілген, сот төрағасымен үйлестірілген түрде қабылданады.

Тағы бір мәселе – судьялардың сотқа қатысушырады тіптен де сыйламауы. Бізде әдетте адвокат пен сотқа тартылушы сот отырысының залына келеді де судья мен прокурорды күтіп отырады. Соңғысы сотқа әдетте дайындықсыз да келе беретіні жиі. Ал кейде көптомдық іс қаралғанда ол олармен танысып үлгермейді де, ең жақсы дегенде айыптау қорытындысымен ғана танысады.

-Мысалдар бар ма?

— Иә, жақында Алматы қалалық сотта өткен процесс. Бюджет қаражатын жымқырған деп айыпталып отырғанның анасы Ақтөбеден үкімге аппеляция беріп, соттың қалай өтетіндігін көзімен көргісі келіп келген. Сөйтіп, адвокат өзінің көзқарасын айтып болғанша, отырысқа шақырылған прокурор барлық назарын өзінің ұялы телефонына қаратып, ал өзінің қорытынды сөзінде үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы жаттап алған екі сөзін ғана айтты. Бұл жай ғана немқұрайлық емес, әдейі көрсетіліп отырған әсіре немқұрайлық. Сіздің бұған араласатындай неңіз бар, бәрі де шешіліп қойылған!, — дегендей.

Судьялар туралы айтсақ…. Мінеки, менің алдымда үш процессуалдық құжат жатыр: айыптау қорытындысы, басты сот отырсының хаттамасы мен үкім – алдын ала тергеу мен сот тергеуінің қорытындысы. Соларды салыстыра отырып, біз судьяның арсыз түрде тергеушінің компьютерінен сөзбе-сөз айыптау қорытындысының мәтінін үкімге көшіріп алғанын көреміз. Одан сот отырысының хатшысы да қалмай, уақытын үнемдеп, сол жолмен процесске қатысушылардың көрсетулерін сот отырысының хаттамасына көшіріп алған. Әуелім десеңіз мәтіндегі емілелік қателіктерді де судья түзетіп жатпаған!

Сот тәжірибесі көрсеткендей, жоғарыдағы аталған фактілер заңның формальды түрде бұзылғандығы деп бағаланады да, сот актісінің бұзылуын немесе өзгертілуін тудыра алмайды. Мен судьялардың өздерінің шешімдерін негіздеуінде тек қана әділеттілік тұрғысынан ғана сауатсыздығын емес, үкімнің ондаған емлілелік және стильдік қателіктерге толып тұрған, жалпы сауатсыздығын айтып тұрмын. Ал үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады ғой. Осындай судьялардан ұят және барша сот жүйесіне жаның ашиды.

Процесске қатысушылардың процессуалдық теңсіздігінің, өкінішке қарай, заңнамалық негізі бар. Мысалы, прокурордың қадағалау тәртібінде енгізген наразылығы, міндетті түрде қадағалау сатысында қаралуы тиіс, ал адвокат пен сотқа қатысушы басқаларының шағымы тіпті де қаралмайды.

Ол аз десеңіз, мен сот дегеніміз – арсыз және іс жүзінде заңдастырылған барлық жердегі әуре-сарсаңға салушылық деп айтсам, американы ашпаған болар едім. Процесске қатысушыларға шығарылған сот актілерінің көшірмелерін заңмен бекітілген мерзімде берілмейді де, сол арқылы сотқа қатысушылардың аталған актілерді дер кезінде бұздыруға әрекеттену мүмкіндігінен айырады. Сол сияқты негізгі сот қарауындағы хаттама да сондай, дер кезінде дайындалмайды, сотқа қатысушылар дер кезінде өздерінің ескертулерін келтіре алмайды.

Одан ары, одан да сорақы. Мінеки, үйреншікті жағдай – судья өзіне менің қорғауымдағы сотталып отырғанды шақырып алып, барлық сот ережесін бұза отырып, айдауылдарды есіктен сыртқа шығарып жіберіп, оңашада оған, «мен саған бес жыл ғана бердім, қаласам сегіз жыл да бере аламын», деп айтады.

Сіз қалай ойлайсыз, ол осысымен нені аңғартқысы келді? Мұндай спектакль неге қажет және осындай фактілерге қандай кәсіби және адами баға беруге болады? Меніңше оған беретін жауап ауқымы да аса көп болмаса керек. Сіз де дұрыс жауапты таба алар едіңіз…

Онда соттың қажеті қанша деп сұрауға болады. Прокурорға айыпталушыны шақырып алып, оған жазаны жариялай салған жеткілікті емес па?

— Сіз мұны адами фактор дегіңіз келеді мe?

— Сөзсіз. Бұл жерде сотты жүргізуге де сот процессіне қатысушыларға да ешқандай құрмет көрсетілмей тұрғандығы көрініп тұр. Ал сырт қарағанда сот әділеттілігін сақтаған сияқты.

Кейде процессте орныңнан тұрып, судья мен прокурорға үкім шығарар кезде шақыруларыңызға болады деп айтып, залдан шығып кеткің келеді. Себебі барлығы алдын ала белгілі және адвокаттың айтатындарының ешқандай мән-мағынасы жоқ.

Ал мәселенің мән-жайы өте қарапайым. Мысалы, Алматы қалалық сотта істің барлығын және материалдарды оның төрағасы бақылап отырады. Судьялар төрағасының нұсқауынан тыс ешқандай да өз беттерінше шешім қабылдауы мүмкін емес. Олай етпеген жағдайда судьяны міндетті түрде қудалауға алады. Оның тетіктері бастан асады – ол судья этикасы жөніндегі комиссия, мүшелері толығымен төрағаға тәуелді және өздерінің жағдайы жақсы болуы үшін тыңдамаған судьяны жазалауға дайын тұрған тәртіптік коллегия, себебі олардың өздері ертең солардың орнында болуы мүмкін. Ымыраға келмейтін қандай да судьяны түбіне жеткізе соғу үшін сот алқасы деген болады. Олар төрағаның ұсынысы бойынша кез келген судьяны жұмыстан қуғанға дейін жазалай алады. Ал қудалау үшін сылтауды, қаласаңыз көптеп, тіпті кейде сорақысын да табуға болады.

— Сонда сіздің айтуыңызша, қазір қандай заң қабылданып, қандай реформа жасалғанына қарамастан, түк те өзгермей ме?

— Түк те өзгемейді! Жауапкершілікпен мәлімдеймін! Жағдайды өзгерту үшін бірінші кезекте, судьялар мен прокурорлық өкілеттіктер берілген тұлғалардың адамдардың тағдырына деген қатынасын өзгертіп, сот төрелігін басшылықтың нұсқауы бойынша емес, заңға сәйкес жүзеге асыру қағидасын енгізу керек. Барлық заңгерлерге, бірінші кезекте, судьяларға «юстиция» сөзінің әділік деп аударылатынын еске салу керек!

— ҚК белгілі бір баптары бойынша жауап алу мен тергеу процестерін жеделдету ұқсас үкімдерді «жаппай шығаруға», айыпсыз тұлғалардың сотталып кетуіне алып келмей ме? Мұндай жағдайда адвокат істің нәтижесіне әсер ете ала ма?

— Жұмысына адал, жауапкершілікпен қарайтын адвокат әділетсіздікке жол бермеуге қабілетті, тіпті тергеудің жеделдетілген процесі қабылданғанның өзінде де. Әрине, тергеу, айыпталушы және қорғаушылардың арасында түрлі келісулерді де жоққа шығаруға болмайды.

Бірақ мемлекеттің мұндай қадамға (жеделдетілген тергеу процесі) баруының себебін қарастырайық. Мен бұрынғы судья ретінде оларға (судьяларға, тергеушілерге — ҚазТАГ) өкініш білдіремін, олардың шынымен де жұмыстары көп.

Жеделдетілген тергеу мен сот өндірісі соттардың жүктемесін азайтады. Бірақ процессуалдық заңнаманы жалпы оңтайландыру еш нәтиже бермейді. Тіпті іс ұсақ ұрыға немесе бұзақыға қатысты болғанның өзінде. Кез-келген жағдайда процессуалдық заңнама толығымен орындалуға тиіс деп есептеймін. Біз оңтайландыруды «бастан өткеріп көрдік. Бұл жерде әңгіме адамдардың тағдыры туралы болып отыр. Бұл жерде ештеңені оңтайландыруға болмайды.

Бәрі Батысқа сілтемелейді. Бірақ оларда тіпті ең қарапайым істің өзі жылдар бойы тергеліп жатады. Басқа жағынан, Қазақстанда процесті ұзаққа созбалау да тиімсіз, еліміздің бюджеті істерді бұлай жүргізуге мүмкіндік бермейді.

-Сіздердің әріптестеріңіздің айтуынша, қылмыстық процестерге қатысушы адвокат әдетте «бейшара туыстың» күйін кешеді, және судьялар үкім шығару кезінде олардың пікірін ескермейді. Шынымен де солай ма?

-Мен айтып өткенімдей, адвокат прокурор сияқты судьямен келіссөз жүргізу үшін сотқа келе алмайды. Осындай тәртіп қалыптасқан. Бірақ заңда тең құқылық, бәсеке қарастырылған.

Адвокаттыққа соттан, прокуратурадан, күш-құрылымдарынан (жұмыс істеуге — ҚазТАГ) келгендердің өздерінде мынадай пікір қалыптасқан: егер сен бірінші инстанцияның сотында жеңіліске ұшырасаң, жоғарыда тұрған инстанцияларға (парамен — ҚазТАГ) кірмесең, жеңіске жету ықтималдылығы нөлге тең. Өйткені күші жойылған шешімдер мен үкімдер бойынша статистика деген бар. Ал бұл — нұқсан келтіруге болмайтын Фемидамыздың келбеті.

Екінші жағдай — судьялардың мониторингі. Оған сәйкес, егер бір жылдың ішінде судьяның күші жойылған 5 үкімі болса, ол автоматты түрде қызметінен айырылады деген ереже бар. Байқасаңыз, кейбір жағдайларда үкімнің күшінің жойылуы белгілі бір сотта әділ сот төрелігінің тұрақтылығын бұзады. Мысалы, қылмыстың квалификациясын бір баптан басқа бапқа өзгертті. Немесе 5 жылға бас бостандығынан айырғанның орнына 3 жыл беріп, үкімді жұмсартты. Ал егер жоғарыда тұрған инстанция баптарды өзгерткенге қоса, оның үкімдерінің күшін жойса, бұл судьяның жұмысында жол берілмейтін кемшілік, бұл әдетте қызметтен кетуге алып келеді.

Ал жол берілген кемшілікте судьяның кінәсі өте аз болатыны жиі кездеседі.

-Кез-келген деңгейдегі судьяның үкімді соттың, жоғарыда тұрған инстанцияның төрағасымен келісетіні осыған байланысты ма?

— Дәл солай. Судьялардың корпоративтік этикасы деген бар. Аудандық судья нақты іс бойынша шешім шығармас бұрын аппеляция жағдайында іс бойынша шағым түсетін қалалық судьямен кеңеседі. Ал қалалық судьялар өз төрағаларысыз бір қадам да аттамайды. Онсыз бір де бір үкімнің күші жойылмайды, шешімдер өзгертілмейді. Мұны ешкім жасырмайды да.

-Ал Жоғарғы сотта қалай?

-ЖС судьясының қаралатын істер бойынша өз пікірін білдіруде бостандығы көбірек. Бұл рангта жұмыс істегенде мен өз бетіммен шешім қабылдай алатынмын.

-Сарапшылар айыптаушы мен қорғаушы тараптардың арасында жарыстың жоқтығын адвокаттардың пікірімен санасқысы келмейтін құқық қорғау жүйесіндегі жемқорлықпен және жең ұшымен жалғасушылықпен байланыстырады. Бұл проблеманың шешілетін күні бар ма?

-Шешімін табуы екіталай. Судья, прокурор және тергеуші — мемлекеттің өкілдері. Адвокат деген кім? Кез-келген әділет департаменті ойына келген кез-келген себеппен оны лицензиясынан айыра алады. Бұл жерде қандай тең құқылық туралы айтуға болады?!

ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» заңының 14 бабының негізінде нақты іс бойынша сұрау саламыз, жауап бермейді. Прокурор немесе сот жазса, жауап береді. Мысалы, адамның сотталғаны-сотталмағаны, психикалық саулығы туралы ақпаратты ресми түрде және уақытында алу мүмкіндігі жоқ. Банктер мүлдем ақпарат бермейді, нотариус та солай. Шынына келсек, бұл инстанцияларды сотқа беру керек, бірақ өкінішке орай, адвокаттар мұны жасамай отыр. Бұл — біздің адвокаттар қоғамының бәлесі.

-Демек, жағдайды шешу мүмкін емес дегеніңіз бе?

-Бәріміз — соттар, полиция, қаржы полициясы сан қуады. Олардың көрсеткіш қуғаны тыйылмаса, жағдайды өзгерту мүмкін емес.

Бәрі алдын ала тергеу кезеңінде басталады. Иә, адвокатқа оның қорғауындағы азаматпен жүргізілген белгілі бір тергеу шаралары бойынша құжаттардың барлық көшірмелері беріледі. Бірақ бұдан басқа, тергеуші басқа да тергеу шараларын жүргізеді, олар туралы адвокат білмейді: куәгерлерден жауап алу, қылмыс орнын қарау, тінту, құжаттарды, заттай айғақтарды тәркілеу және т.с.с. Адвокат бұл туралы нөмірленіп, тігіліп қойылған іспен танысуға рұқсат етілгеннен кейін ғана біле алады.

Айыптаушы жақтың пайдасына ұпай қосатын тағы бір маңызды жайт. Адамды куәгер ретінде жауап беруге шақырды делік. Бір сәтте оның статусы айыпталушыға өзгереді. Ал құқықтық тергеу органы куәгерге міндетті тәртіппен адвокат бермейді ғой. Әрине, куәгер өзімен бірге адвокат ертіп әкелуі мүмкін. Бірақ күдікті немесе айыпталушымен салыстырғанда, куәгердің жауап беруден бас тартуға құқығы жоқ. Тек оның куәгерлік еткені өзіне немесе оның жақындарына теріс құқықтық салдарға әкелетін жағдайда ғана ол жауап беруден бас тарта алады.

-Сонда куәгер ретінде шақырса да, адвокат алып жүруге кеңес бересіз бе?

— Міндетті түрде. Және сіздің қорғаушыңыз ретінде оның өкілеттіктерін қуаттау үшін адвокатпен қатынасыңыз заңды түрде рәсімделуге тиіс.

Соңғы жаңалықтар