Жарияланды: 490

«Рационализатор.kz» байқауының қорытындысы жария етілді

Бүгін елордада республикалық рационализаторлық ұсыныстардың «Рационализатор.kz» байқауының қорытындысы жарияланды.

Осыған орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» басқармасы төрағасының орынбасары Әнуарбек Сұлтанғазин жеңімпаздардың есімдерін атады. «Жылдың үздік раионализаторлық шешімі» аталымы бойынша 1 орын мен 1,5 млн. теңге көлеміндегі қаржылай жүлде Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызмткерлері Ибадулла Үметаев пен Оразбек Биғараевқа бұйырды. «Олар «Топырақты 55-65 см-ге дейін терең қопсыту әдісі» жобасын ұсынды. Бұл шешім бүгінннің өзінде нәтижесін беріп, мақта өнімін 2 есеге ұлғайтуға септігін тигізді. Оған қоса шаруалар топырақ өңдеуге біраз үнемге қол жеткізді. Мәселен, егер бұған дейін себу жұмыстарына дейін топырақтың әр гектарын өңдеуге 18 мың теңге жұмсалса, жаңа технологияны қолдану шығын көлемін 12-13 мың теңгеге дейін азайтуға мүмкіндік берді», - деді Ә.Сұлтанғазин. Екінші және үшінші орындар «KSP stell» ЖШС Павлодар филиалының директоры Вадим Савицкий мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің қызметкері Айгүл Айтбайқызына бұйырды. Олар да сәйкесінше, 1 млн. және 750 мыңге көлемінде қаржылай жүлде алды. Ал «Кәсіпорындағы рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» аталымында «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы жеңімпаз деп танылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін