Радиациядан зардап шеккен үржарлық балалар мен ата-аналары Еуропарламент төрағасы Е.Бузекпен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Радиациядан зардап шеккен үржарлық балалар мен ата-аналары Еуропарламент төрағасы Е.Бузекпен кездеседі

Радиациядан зардап шеккен үржарлық балалар мен ата-аналары Еуропарламент төрағасы Е.Бузекпен кездеседі

Бұрынғы Семей ядролық полигоны аумағындағы радиациядан зардап шеккен үржарлық екі бала мен олардың ата-аналары Еуропалық Парламент депутаты Струан Стивенсонның шақыруымен 14 шілдеде Брюссельге келеді.

  • 24 Маусым 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz

Олар Еуропарламент төрағасы Ежи Бузекпен кездеседі. Бұл туралы қазақстандық журналистерге депутат С.Стивенсон хабарлады.

Депутаттың айтуынша, балалар радиациядан қатты зардап шеккен және генетикалық проблемалары бар, себебі олардың ата-аналары Семей полигонына жақын маңда тұрған.

«Олар ата-аналарымен және өздері баратын мүгедек балаларға арналған мектептегі мұғалімдерімен бірге келеді. Сапар барысында Брюссельде Еуропарламент депутаты Е.Бузекпен кездесу ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл сапар Еуропарламент басшылығының және жалпы Еуропаның ядролық сынақ құрбандарының және сол зұлматтан зардап шеккендердің проблемаларына бей-жай еместігін көрсетеді», дейді С.Стивенсон.

Соңғы жаңалықтар