Радикалдар мен діни алауыздықты қоздырып жүрген тәңіршілдердің арасында ұқсастық бар - Дінтанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.75
  • 586.77
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Радикалдар мен діни алауыздықты қоздырып жүрген тәңіршілдердің арасында ұқсастық бар - Дінтанушы

Радикалдар мен діни алауыздықты қоздырып жүрген тәңіршілдердің арасында ұқсастық бар - Дінтанушы

Исламтанушы, теолог Асқар Сабдин діни радикалдар мен тәңіршілдердің ұқсастықтарын айтты.

  • 10 Ақпан
  • 327
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Дінтанушы“Qasqa Jol” YouTube арнасына берген сұхбатында журналистің “Тәңіршілдердің қауіпке айналып келе жатқаны, күш алып бара жатқаны рас па?” деген сұрағына жауап берді.

”Жалпы діннің құралы — сендіру, иландыру. Дінтанушылар, исламтанушылар бұл мәселелерге жан-жақты ақпарат беруге тырысуда. Қазір олардың жасап жатқан әрекеті қоғамдық тыныштыққа қауіп болып есептеледі. Кейбір әріптестеріміз, дін қызметкерлері тәңіршілдікке қатысты кітаптарды жазды. Дінаралық қатынасқа ол кісілердің үлесі шамалы. Керісінше, зияны бар деп есептеймін. Себебі, біріншіден, олар радикалдарға шамалы ұқсайды. Радикалды идеология адамды тамырларынан ажыратады. Яғни, тарихын, мәдениетін, өткен шағын мансұқтайды. Қазіргі шағына наразылық білдіреді. Тәңіршілдерде де дәл сондай мәселе бар. “әл-Фараби адасқан, мұсылман болған, Абай да адасқан, қазақ хандығының хан-сұлтандарын да адасқан” дейді. Біздің тарихымызда кімде-кім дінге қатысты мақала, кітап, өлең жазса, солардың бәрін терістеп, жоққа шығарады. Радикалдар мен діни алауыздықты қоздырып жүрген тәңіршілдердің арасында ұқсастық бар. Екеуі бір-біріне жау. Бірақ, екеуі де жастарды тамырларынан ажыратып жатыр”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол тәңіршілдік идеологиясының саяси құрал болғанын да айтты.

”Кезінде біздің даламызда халқымызды шоқындыруға тырысты. Ол кітаптарда да жазылған. Ресей империясы даламызды шоқындыруға тырысқан кезде “сіздер мұсылман емессіздер, тәңіршілсіздер” деп бұрынғы шаманизмді насихаттау деген әдісті пайдаланды. Отарлаушы империя да халық мұсылман болып қалған сайын оны отарлау қиындай түсетінін жақсы білген. Сондықтан иммунитетті әлсіретіп, ассимиляция жүргізу үшін “негіздеріңіз шаманист, тәңіршіл, исламнан бұрын да болғансыздар” дегенді пайдаланған. Әрине, біз исламнан бұрын да болғанбыз. Дегенмен, идеологиялық тұрғыдан Берке ханнан бастап, ислам ресми дін ретінде қабылданды. Қазір де тәңіршілдердің негізгі бенефициары шет елдер деп есептеймін. Шын ниетімен бұл идеологияны ұстап жүрген адамдар аз деп ойлаймын”, — дейді Асқар Сабдин.