Радиоактивті материалдарға қатысты оқиғалар бойынша әрекет ету жөніндегі еліміздің ұлттық жоспары 2005-жылдың аяғына дейін бекітіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Радиоактивті материалдарға қатысты оқиғалар бойынша әрекет ету жөніндегі еліміздің ұлттық жоспары 2005-жылдың аяғына дейін бекітіледі

Радиоактивті материалдарға қатысты оқиғалар бойынша әрекет ету жөніндегі еліміздің ұлттық жоспары 2005-жылдың аяғына дейін бекітіледі

Радиоактивті материалдарға қатысты оқиғаларға жауап әрекеттер жөніндегі еліміздің ұлттық жоспары 2005-жылдың аяғына дейін бекітіледі. Бұл туралы бүгін, 11-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР атом энергетикасы жөніндегі комитетінің төрағасы Тимур Жантикин құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Қазан 2005
  • 370
Фото - Caravan.kz



Т.Жантикиннің айтуынша, бұл құжатта Қазақстан аумағында радиоактивті материалдар табылған жағдайда жүзеге асырылатын мемлекеттік мекемелер арасындағы ықпалдастық нормалары жазылған.
«Айталық, шекарашылар мен кеденшілер шекарада ядролық материал тауып алсын, тоқтатып, тұтқындасын делік. Одан әрі не істейді? Осыдан кейін туындайтын тағы бір әкімшілік сипаттағы сұрақ ол — әлгі ұсталған материалмен не істеу керек, тергеуді қалай жүргізу керек және айғақзаттар мен дәлелдерді қалай жинау керек деген сауалдар болмақ»,- деді Т.Жантикин.
«Бұған дейін біз бұл жоспарды республика үкіметі бекітеді деп күткен едік. Жуырда оны ҚР атом энергетикасы жөніндегі комитеті бекітуге тиіс деген шешім қабылданды»,- деді ол.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті