Радиоактивті қалдықтар бұрынғы ядролық полигонға көмуге әкетіледі
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағына көмі үшін Павлодар облысында «Кастинг» ЖШС өнеркәсіп полигонынан алты тоннаға жуық радиоактивті қалдық Ұлттық ядролық орталыққа жіберілді. |
«Бірқатар келісімдерден кейін осы қалдықтарды әкетуге республикадан мақұлдау алдық», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы Талап Қасымов мәлімдеді.
Былтырғы жылдың желтоқсан айында «Кастинг» ЖШС "КSP Steel" ЖШС-тен өнеркәсіптік жүк қалдықтарын қабылдаған. Тексеру кезінде қалдықтардың радиоактивті аясы шамадан тыс екені анықталған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін