«Бірқатар келісімдерден кейін осы қалдықтарды әкетуге республикадан мақұлдау алдық», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы Талап Қасымов мәлімдеді.
Былтырғы жылдың желтоқсан айында «Кастинг» ЖШС «КSP Steel» ЖШС-тен өнеркәсіптік жүк қалдықтарын қабылдаған. Тексеру кезінде қалдықтардың радиоактивті аясы шамадан тыс екені анықталған.