Ойын 3:6, 7:5, 6:2, 6:4 есебімен аяқталған. Екі спортшы кортта 42 рет кездесіп, оның 23-інде Надаль жеңімпаз атанған. Серб тек 19 рет басым түсе алған.
Сондай-ақ, қыздар арасында бұл доданың бас жүлдесін 27 жасар Ресей теннисшісі Мария Шарапова еншіледі. Ол чемпионаттың финалдық кездесуінде румыниялық Симон Халепті тізе бүктіріп, "Ролан Гаррос" турнирінің екінші мәрте жеңімпазы атанды.
Сонымен бірге, Шарапова үлкен дулыға сериясының турнирінде осымен бесінші рет бас бәйгені алып отыр. Бұдан бұрын спортшы Австралия және АҚШ, Уимблдон ашық чемпионаттарында (2012, 2008,2006 және 2007) «Ролан Гаррос» турнирінің биігінен көрінген.
Жарыстың жүлде қоры 23 млн. 968,9 мың еуроны құрайды.