Райымбек Баталов елімізге рулі оң жақтағы автокөліктерді әкелуге тыйым салу мерзімін қайта қарау керек деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Райымбек Баталов елімізге рулі оң жақтағы  автокөліктерді  әкелуге тыйым салу мерзімін  қайта қарау керек деп санайды

Райымбек Баталов елімізге рулі оң жақтағы автокөліктерді әкелуге тыйым салу мерзімін қайта қарау керек деп санайды

АЛМАТЫ. 22 қараша. Kazakhstan Today. Қазақстанныңкәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов елімізге рулі оң жақтағы автокөліктерді әкелуге тыйым салу мерзімін қайта қарау керек деп санайды. Бұл туралы ол бүгін "Ресей-Қазақстан. Бөлшек сауда: стратегиялар, инвестициялар, мамандар" атты форум аясында өткен брифингте сөз етті.

  • 22 Қараша 2006
  • 474
Фото - Caravan.kz

«Оң рульге келер болсақ, мәселенің қойылғаны дұрыс-ақ. Алайда оаның жүзеге асуы үшін білгілі уақыт пен екі жаққа да тиімды шарттар қарастырған жөн. Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі — күрделі мәселе»,- деп атап өтті ол.

«Ал берілген мерзімге келер болсақ, оны сәл ұзартқан дұрыс деп ойлаймын»,-дейді Р.Баталов.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда оң рульды автомашиналарды әкелуге тыйым салу және қолданыстан мүлде шығару туралы қарашаның 13-інде республиканың Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде жарияланған болатын.

Қазақстан үкіметі 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап оң рульды машиналарды әкелуге тыйым салу және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстан мүлдем шығару туралы қаулының жобасын дайындап үлгерген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта