Жарияланды: 640

Рахат Әлиев Австрияда өмірлікке бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Рахат Әлиев Австрияда өмірлікке бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевті Австрия соты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесуі мүмкін, деп қазақстандық "Время" газеті "Лански, Ганцгер және әріптестер" бюросының адвокаты Анна Цайнтлингердің сөзіне сілтеме жасады.

"Австрия заңына сәйкес, адам ұрлағаны үшін Р.Әлиев 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал адам өлтіргені үшін 10 жылдан 20 жылға дейін жаза қаралған. Сондықтан бәрін қосқанда оны 20 жылға немесе өмірлікке бас бостандығынан айыру үкімі шығарылуы мүмкін", - деп адвокат бүгін газеттегі мұхбатында мәлімдеген. Адвокаттың айтуынша, банкирлердің ұрланғаны туралы қылмыстық іс Автсрияда 2007 жылы қозғалған, алайда ол кезде австриялық тарап Р.Әлиевті экстрадициялау мәселесін әлі қарастырмаған болатын. "Қазір бұл мәселеге қайта оралды. Ал кісі өліміне келер болсақ, бұл жаңа іс, жаңа тергеу. Бұл бір қылмыстық іс болады, оған тағы бір қылмыс құрамы қосылады", дейді А.Цайнтлингер. Заңгердің айтуынша, Р.Әлиевтің қайда екені автриялық билікке мәлім. Адвокат Р.Әлиев пен оның сыбайластарына қатысты айғақтар жеткілікті екенін айтады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін