Рахат Әлиев сотқа ар-намысын қорғау туралы шағымдар түсірмек - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рахат Әлиев сотқа ар-намысын қорғау туралы шағымдар  түсірмек

Рахат Әлиев сотқа ар-намысын қорғау туралы шағымдар түсірмек

АЛМАТЫ. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Рахат Әлиев "Нұрбанк" АҚ басқармалары төрағасының бұрынғы орынбасары Жолдас Темірәлиевтің әйелі Армангүл Қапашева мен басқарманың бұрынғы төрағасы Әбілмәжін Ғылымовтың әйелі Нәзира Базарбаеваның үстінен сотқа шағым түсірмек. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Рахат Әлиевтың адвокаты Любовь Балмағамбетова хабарлады.

  • 14 Ақпан 2007
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Ар-намысын қорғау туралы және әрқайсысының 1 млн теңге көлеміндегі моральдық шығынды өтетіп алу туралы шағымдар Алматы қаласының Медеу аудандық сотына жіберілді», — деп хабарлады адвокат. Л. Балмағамбетованың айтуынша, «Нұрбанк» АҚ бұрынғы басшыларының әйелдері оның сенім білдірген адамы туралы жалған ақпараттар таратуда.

Естеріңізге сала кетейік, ақпанның бірінші жұлдызында А. Қапашева мен Н. Базарбаева жұрт алдында Р. Әлиевті олардың күйеулерін заңсыз бас бостандығынан айырды деп айыптаған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті