Рахат Әлиевке Нұрбанктің топ-менеджерлерін өлтірді деген сырттай айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рахат Әлиевке Нұрбанктің топ-менеджерлерін өлтірді деген сырттай айып тағылды

Рахат Әлиевке Нұрбанктің топ-менеджерлерін өлтірді деген сырттай айып тағылды

Ауыр қылмыстары үшін сырттай сотталған Раха Әлиевке Нұрбанктің топ-менеджерлері - Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновты өлтірді деген айып тағылды. Бұл туралы бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлім етті.

  • 16 Маусым 2011
  • 482
Фото - Caravan.kz

«Біз осы іске қатысты 20-дан астам сараптамалық тексеру жүргіздік, 30-дан астам куә сұралды. Олардың бәрі қылмыстың жасалғанын растады. Темірәлиев пен Хасеновты Әлиев, Кошляк пен олар жетекшілік ететін қылмыстық топтың өлтіргенін бұлтартпай дәлелдейтін өзге де айғақтар бар.

Қазіргі кезде қылмыскерлерге сырттай айып тағылдыып, сот оларды тұтқындауға рұқсат берді және халықаралық іздеу жарияланды», — деді ол сәрсенбі күні президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
А.Дауылбаевтың айтуынша, Р.Әлиев пен оның сыбайластары Ж.Темірәлиев пен А.Хасеновты «тұншықтырып өлтіріп», мәйіттерді 200 литрлік бөшкеге салған.
«Бастарына пакет кигізіп, оны арқан жіппен тартып байлаған. Оны тілдің астындағы сүйегін сындырып жібергенше тартқан», — деп атап өтті бас прокурор.
Бас прокурор қазір адвокаттардың Р.Әлиевті экстрадициялау мәселесін көтеріп жатқанын, бірақ оның «өз сайтына жалған ақпарлар орналастырып, диссидент имиджін жасауға жанталасып» жатқанын алға тартты.
«Оның бұл материалдары жалған, фактіге негізделмеген. Біз мұны Австрия билігіне бірнеше рет дәлелдеп те бергенбіз. Атап айтсақ, Интерполдың еуропалық бөлімшесі бастығы доктор Роцелл тергеу жүргізді. Ол барлық материалдардың қолдан жасалғанын нақты дәлелдеп берді», — деп атап өтті А.Дауылбаев.
Өз кезегінде, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов президентті Нұрбанктің топ-менеджерлерін өлтіру ісіне қатысты өз мәліметтерімен таныстырды.
Қ.Қасымовтың айтуынша, тергеу барысында қылмыскерлердің қай жерден шығып, қайда барғаны нақтыланды. Куәлардың түсініктемелері ғана емес, ұялы телефон арқылы сөйлескен Әлиев пен Кошляктың әңгімелері де расталды.
«Ремизовка шатқалынан табылған мәйіттердің Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтікі екені толық дәлелденді.
2007 жылы табылған айғақтар жаңа фактілермен расталды.
Біріншіден, тістен, іш киімнен анықталды. Оған қоса, Берлин медицина университетінің сарапшысы Темірәлиевтің омыртқасының қисайғанын анықтады. Шынымен де ол осы аурумен ауырған екен.
Біз қазір Темірәлиев пен Хасеновты өлтіру фактісі толық ашылды деп айта аламыз және айып тағу үшін бұлтартпас дәлелдер жеткілікті», — деп атап өтті Қ.Қасымов.

Соңғы жаңалықтар