Рактың дәрісі ғарыштан іздестірілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рактың дәрісі ғарыштан іздестірілмек

Рактың дәрісі ғарыштан іздестірілмек

8-маусымға қараған түні ғарышқа ұшпақ астронавт Сатоси Фурукава Халықаралық ғарыш станциясында рак ауруына қарсы дәрі іздеу мақсатында эксперимент жүргізбек.

  • 6 Маусым 2011
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Біз ХКС бортында протеинді кристалдандыру жөнінде эксперимент жүргізбекпіз. Қазір ғалымдар ракқа қарсы күресуге арналған протеинді басымдыққа алып отыр», деді С.Фурукава дүйсенбіде Байқоңырда ұшу алдындағы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, адам ағзасында рак клеткаларының өсуі тамыр арқылы келетін тағам есебінен қамтамасыз етіледі. «Біз бұл тағамға бөгет жасау әдісін тапсақ, ракты жеңіп шығамыз», деді астронавт.
Демек, оның айтуынша, ғалымдар эксперимент шеңберінде рак клеткаларын тежеушіні құрастырмақ.
«Союз ТМА-02М» кемесімен ұшатын НАСА астронавты Майкл Фоссумның айтуынша, ғарышқа ұшу кезінде пайдаланылатын тағам дәмді. «Бірақ мен көкөніс пен жеміс-жидекті сағынатын болармын», деді астронавт.
Онымен бірге шығатын ресейлік ғарышкер Сергей Волков болса қуырылған картопты сағынатын сыңайлы.

Соңғы жаңалықтар