Рақымшылық жасалса, қанша әйел түрмеден босап шығуы мүмкін? - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рақымшылық жасалса, қанша әйел түрмеден босап шығуы мүмкін?

Рақымшылық жасалса, қанша әйел түрмеден босап шығуы мүмкін?

Жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектерді босату туралы бастаманы жуырда мәжіліс депутаты Қарақат Әбден көтерген болатын

  • 24 Ақпан
  • 8
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Депутат сотталған әйелдерге амнистияны қолдану үшін келесі критерилерді ұсынды:

— зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмысы үшін сотталған әйелдер;

— жүкті әйелдер мен кішкентай баласы бар әйелдер;

— көп балалы әйелдер;

— алғаш сотталған әйелдер;

— жасы ұлғайған (60-тан асқан) әйелдер.

Осы ұсыныс бойынша BAQ.KZ тілшісі ІІМ ресми сауал жолдады. Белгілі болғандай бүгінгі таңда қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін барлығы 6399 әйел жазасын өтеп жатыр. Оның 2692-сі бас бостандығынан айыру орындарында, 3707-сі пробациялық бақылауда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес ауырлығы аз және орташа қылмыстары үшін сотталған 1220 әйел рақымшылық бойынша жазасын өтеуден босатылуы мүмкін.

Өз кезегінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған 5055 әйелдің жаза мерзімін қысқартуға болады.

Дегенмен, жазасын өтеушілерге қатысты материалдарды сотқа жіберу рәсімі тиісті заң қабылдағаннан кейін басталатын болады.

Перейти к новостям спорта