Р.Әлиевке «Нұрбанк» топ-менеджерлерін өлтірген деген сырттай айып тағылды; оған халықаралық іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Р.Әлиевке «Нұрбанк» топ-менеджерлерін өлтірген деген сырттай айып тағылды; оған халықаралық іздеу жарияланды

Р.Әлиевке «Нұрбанк» топ-менеджерлерін өлтірген деген сырттай айып тағылды; оған халықаралық іздеу жарияланды

Рахат Әлиев «Нұрбанк» топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтарды өлтірген деген сырттай айып тағылды; оған халықаралық іздеу жарияланды, деп Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.

  • 16 Маусым 2011
  • 511
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбі күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жолдас Темірғалиев, Айбар Хасенов және Алтынбек Сәрсенбаев өлімінің деректері бойынша жүргізілген қылмыстық істің нақты нәтижесі таныстырылды. Бұл туралы президентке Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндады, деп хабарлады Ақ орданың баспасөз қызметінен.

«Бұдан бөлек, Әлиев, Кошляк және олар басқарған қылмыстық топтың Темірәлиев пен Хасеновті өлтіргендерінен дерек беретін өзге де дәлелдер табылды. Қазіргі уақытта қылмыскерлерге сырттай айып тағылып, сот арқылы қамауға алу шарасы белгіленді, оларға халықаралық іздеу жарияланды», — деп айтқан А. Дауылбаевтың сөзін баспасөз қызметі келтіреді.

«Оларды 200 литрлік бөшкеге салған. Оған дейін олар тұншықтырып өлтірілген. Бастарына пакет кигізіп, оның сыртынан жіппен және арқанмен байлап тастаған. Байлап-матап тастағандары сондайлық, тіпті, сүйектерін де сындырған. Қазір біз іс бойынша 20-дан астам сараптамалық зерттеулер жүргіздік, осы қылмыстың болған дерегін көрсетіп отырған 30-ға жуық куәгерді сұрадық», — деді А. Дауылбаев.

Бас прокурор атап өткендей, қазіргі уақытта қорғаушылар Әлиевті экстрадициялау туралы мәселе қойып отыр, алайда ол жауапкершіліктен қашуға ұмтылып, өзіне диссидент ретінде имидж қалыптастыруда, өзінің сайтында жалған ақпаратты әдейі тұрақты таратуда.

«Бұл дәлелі дерекке негізделмеген жала болып табылады, жалған құжаттар болып табылады. Біз бұл деректі австриялық сот орындарына бірнеше рет дәлелдедік. Атап айтқанда, Интерполдың еуропалық бөлімінің бастығы Германиялық доктор Роцелля тарапынан тексеріс жүргізілді. Ол барлық ұсынылған материалды зерттей келе, ұсынылған материалдар бұрмаланған құжаттар болып табылады деген нақты тоқтамға келді», — деп атап өтті А. Дауылбаев.

Бас прокурор хабардар еткендей, топ-менеджерлерді мүлікті иелену мақсатында Әлиев, Кошляк және өзге адамдардың басшылығымен қылмыстық топ ұрлап әкеткен. Алдымен Әлиевтің Алматыдағы резиденциясында банкирлерді психотроптық препараттардың көмегімен азаптаған. Одан кейін Темірәлиев пен Хасеновті Ремизов сайына алып кетіп, тұншықтырған.

«Нұрбанк» топ-менеджерлерінің өлтірілуі туралы өз мәліметтерін Президентке Ішкі істер министрі баяндады. Қ. Қасымов атап өткендей, тергеу қылмыскерлердің нақты ғимараттарын анықтады. Куәгерлердің көрсетіп бергендері ғана емес, сондай-ақ Әлиев пен Кошляктің ұялы телефондарының биллингі де оны дәлелдеді.

«Ремизов сайынан табылған Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің денелері екені жүз пайызға анықталды. Бірінші кезекте, бұл молекулярлық-геномдық және медициналық-криминалистикалық сараптаманың нәтижесі, қиянат көргендердің денесі. Біз 2007 жылы қол жеткізген дәлделдер мәйтті тапқаннан кейін де жаңадан дәлелденді. Екіншіден, бұл тісі бойынша, киім-кешегі бойынша танылды, сонымен бірге, берлиндік медициналық универсиеттің сарапшысы омыртқа ауруы барын анықтады. Анығында, Темірәлиев сондай аурумен ауырған. Біз Темірәлив пен Хасеновтің өлімі ашылды деп бүгінгі күні жүз пайыз сеніммен айта аламыз және айып тағу үшін бізде даусыз дәлелдер бар», — деп атап өтті Қ. Қасымов.

Соңғы жаңалықтар