Р.Әлиевті экстрадициялау үшін Австрияға қайта сұрау салу мәлесі қолға алынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Р.Әлиевті экстрадициялау үшін Австрияға қайта сұрау салу мәлесі қолға алынуда

Р.Әлиевті экстрадициялау үшін Австрияға қайта сұрау салу мәлесі қолға алынуда

Қазақстан Рахат Әлиевті экстрадициялау үшін Австрияға қайта сұрау салу мәлесін қолға алып жатыр, деп ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

  • 21 Маусым 2011
  • 575
Фото - Caravan.kz

«Біздің салған сұрауымызды олар кері қайтарды», — деп ол ҚазТАГ тілшісіне сейсенбі күні растады.

«Біз енді қайтадан құжаттарды дайындап жатырмыз», — дей отырып, ол Автрия билігінің неге алғашқы сұрауды қабыл алмағанына түсінік бермеді.

Жақында Р. Әлиевке «Нұрбанк» топ-менеджерлерін өлтірген деген сырттай айып тағылғаны белгілі. 15 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевқа бас прокурор Асхат Даулбаев 2007 жылы Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновке қатысты жасалған қылмыстың егжей-тегжейін баяндап берді.

Ақ орданың ресми сайтында «топ-менеджерлерді Рахат Әлиев басқаруындағы, Кошляк және басқа да тұлғалары бар қылмыстық топ мүлкін бопсалау мақсатында ұрлап кеткен» деп жазылды. А. Дауылбаевтың мәліметтерінше, алдымен банкирлерді Алиевтің Алматыдағы резиденциясының ішінде қинаған, оның ішінде психотроптық препараттармен де қинаған. Одан соң Темірәлиев пен Хасеновты Ремизов шатқалына апарып, олар онда тұншықтырылып өлтірілген.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев күш құрылымдарынан Әлиев пен басқа осы қылмысқа қатысы барларды «экстрадициялау үшін барлық қажет шараларды қолдануды» талап етті.

Бұрын хабарланғандай, 2007-ші жылдың тамызының басында Австрияның федералдық соты Әлиевті Қазақстанға экстрадлициялаудан бас тартып, оның себебін Қазақстанда сот әділ өтетініне сенбейтіндігімен түсіндірген.

Р. Әлиев жалпы барлығы сырттай 20 жылға сотталған.

Бұл ретте 17-ші маусымда бірқатар ресейлік БАҚ-тар Вена соты Р. Әлиевті экстрадициялаудан тағы бас тартқанын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар