Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері бекітілді

Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері бекітілді

Жаһандағы барша мұсылман ынтыға күтіп, ауыз бекітіп, жаман әдеттерден тыйылатын айлардың сұлтаны Рамазанның басталуына тура бір апта қалды. Қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде оразаға қызу дайындықтар жүруде.

  • 26 Шiлде 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz

Өзге дайындық өз алдына, алдымен мұсылман өз ішінен рухани тұрғыда дайын болуы керек. Ораза тек тамақтан тартынумен шектелмейді. Бүгін тілшілермен жүздескен Бас мүфти еліміздегі мұсылман қауымға қарата сөйледі. Биыл Рамазан 29 күнге созылады. Тамыздың жиырма жетінші кеші – қасиетті Қадір түнімен сәйкес кеп отыр. Сондай-ақ биыл Алматы қаласында пітір садақа 100 теңге болып бекітілді. Еліміздің өзге өңірлерінде садақа мөлшері бидай бағасына қарап нақтыланбақ. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы барша мұсылманды ауыз бекітіп, Аллаға құлшылық қылуға шақыра кеп, өткен аптада жарияланған үндеуін тілге тиек етті.


Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:

-Қасиетті Рамазанның құрметіне еліміз бойынша азық-түлік бағалары ең болмаса 10 пайызға төмендетілсе. Бұған қолдау білдіріп жатқандар бар. Тіпті кейбіреулер келді 10 пайыз деген не?, неге 40 пайызға дейін төмендетпейміз. Мен айттым 10 пайызға, 40 пайызға болса Алла разы болсын сіздерге.

Соңғы жаңалықтар