Рамазан айында пойыздардағы вагон-ресторандар арнайы кестеге көшті - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рамазан айында пойыздардағы вагон-ресторандар арнайы кестеге көшті

Рамазан айында пойыздардағы вагон-ресторандар арнайы кестеге көшті

Қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарындағы вагон-ресторандар арнайы кесте бойынша қызмет көрсетеді.

  • 24 Ақпан
  • 1
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

— Аталған тәртіп 40 вагон-ресторанда енгізіледі. Вагон-ресторандар күн сайын сағат 8:00–ден түнгі 24:00–ге дейін қызмет көрсетеді. Ораза ұстаушыларға ыңғайлы болу үшін сәресі уақытында — сағат 04:00–ден 05:00–ге дейін ашық болып, жолаушыларға ораза басталғанға дейін таңғы астарын іше алады, — делінген хабарламада.

Бұған қоса Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады. Ауызашар кезінде вагон-ресторандарда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі. Бұл уақытта пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, рухани кемелдену мен ізгі тілектерін білдірді.