Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ZTB порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Рамзан Қадыровтың көп әйел алушылықты жақтайтыны жасырын емес, өйткені олардың аймағында бұл ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр. Алайда ресми түрде Қадыровтың өзі бір-ақ рет үйленген. Өз жерлесі Медни Мұсаеваға ( қыз кезіндегі тегі Айдамирова) Кенторой ауылынан (қазіргі Ахмат — Юрт) келген.
Медни 1978 жылы 7 қыркүйекте Центорда дүниеге келген. Олар мектеп кезінде танысқан, Медни Шешен басшысынан екі жас төмен сыныпта оқыған.
Алайда олар алғашқы Шешен соғысының алдында, 1994 жылы үйленген. Ол кезде Рамзан ауылдан шыққан қарапайым жігіт. Комбайнға басқаруға енді ғана емтихан тапсырған жігіт болатын. Дегенмен де ол сол кездегі Шешенстан мүфтиінің ұлы болатын.
Қалыңдық он жеті жаста еді, күйеу жігіт он тоғыз жаста еді. Бірінші соғыс жүріп жатқанда, олар сирек кездесті. Рамзан барлық уақытта әкесі Ахмат Қадыровтың қасында болды.
Рамзан мен Медни Мұсаеваның алғашқы баласы 1998 жылдың желтоқсанында өмірге келді. Ол Айшат есімді қыз бала болатын. Айшат қазіргі таңда Грозный қаласындағы Paris кафесінің және Firdaws сән үйесінің иесі.
Қазіргі таңда, Рамзан мен Медни 12 баланы тәрбиелеп отыр. Он бала өздерінікі болса, ал екеуін асырап алған деседі.
Қадыровтың ең кіші баласы Абдуллах осыдан үш жыл бұрын өмірге келген.
Медни күйеуінің ең қымбат сыйы — оған бір кездері жұбайы берген тау гүлдерінің букеті екенін айтады. Оны тауда өзі жинаған. Медни Мұсақызы бұл гүлшоқты арнайы қорапта отбасылық жәдігер ретінде сақтап қойған.
Медни Мұсақызының өзі көпшілік алдына көп шыға бермейді, оны негізінен Қадыровтың отбасылық фотосуреттерінен көруге болады.
"Біздің сенім бойынша, ер адамдар төрт рет үйлене алады. Егер олар әйелдері мен балаларын бірдей ұстайтын болса ғана.Егер күйеуім екінші әйел алғысы келсе, мен келісемін", — деді Медни Мұсақызы БАҚ-қа берген сұхбатында.
"Мен әйелім Медниді қатты жақсы көремін. Егер жақсы көрмесем, одан болған балаларымды өмірге әкелуге жол бермес едім", — деді Қадыров.