деп хабарлайды РБК агенттігі.
«Белградта өткен баспасөз мәслихатында министр ханым «экстрадиция үдерісі басталып та кеткенін» мәлім етті», — деп хабарлады Би-Би-Си телекомпаниясы.
С.Малович ханым сондай-ақ Р.Младичке әділ соттан жасырынуға көмектескендердің бәрі анықталып, жауапқа тартылатынын мәлім жеткізді.
Associated Press агенттігі Р.Младич мінген ұшақтың дәл осы сағаттарда Голландияға барып қонғанын хабарлап отыр. Бұрынғы Югославияның ісі бойынша халықаралық трибуналдың штаб-пәтері осы елде орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, серб полициясы Р.Младичті 2011 жылы 26 мамырда тұтқындаған болатын. Халықаралық сот оны 1992-1995 жылдары Босния соғысы кезінде этникалық қырулар ұйымдастырды деп айыптап отыр.