деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.
Жексенбі күні өткен сайлаудың алдын ала қорытындысы премьер-министр Реджеп Ердоған жетекшілік ететін Әділдік және даму партиясының тағы да жеңіске жеткенін көрсетіп отыр.
Қазіргі таңда дауыстардың 75 пайызы саналып бітті, дауыстардың 51 пайызы Ердоғанның партиясының еншісіне тиіп отыр. Жергілікті шолушылардың пікірінше, бұл партия мәжілістің жаңа құрамында 328 орын алады деген сөз. Дегенмен, бұл көрсеткіш конституцияға біржақты өзгертулер енгізу үшін қажетті 2/3 дауысты алуға жеткіліксіз.
Сайлауда Ердоған партиясының басты қарсыласы — зайырлы Республикалық халықтық партиясы болды.