Реджеп Ердоған оппозициямен келісімге келуге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Реджеп Ердоған оппозициямен келісімге келуге уәде берді

Реджеп Ердоған оппозициямен келісімге келуге уәде берді

Түркия Премьер-министрі Реджеп Ердоған егер билік басында үшінші кезеңге қалса, оппозициялық партиялармен бітімге келуге уәде беріп отыр,

  • 13 Маусым 2011
  • 356
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

Жексенбі күні өткен сайлаудың алдын ала қорытындысы премьер-министр Реджеп Ердоған жетекшілік ететін Әділдік және даму партиясының тағы да жеңіске жеткенін көрсетіп отыр.

Қазіргі таңда дауыстардың 75 пайызы саналып бітті, дауыстардың 51 пайызы Ердоғанның партиясының еншісіне тиіп отыр. Жергілікті шолушылардың пікірінше, бұл партия мәжілістің жаңа құрамында 328 орын алады деген сөз. Дегенмен, бұл көрсеткіш конституцияға біржақты өзгертулер енгізу үшін қажетті 2/3 дауысты алуға жеткіліксіз.

Сайлауда Ердоған партиясының басты қарсыласы — зайырлы Республикалық халықтық партиясы болды.

Соңғы жаңалықтар