Референдум-2026: тізімге енген қазақстандықтардың 64,43% дауыс беріп үлгерген - kaz.caravan.kz
  • $ 491.29
  • 562.92
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Референдум-2026: тізімге енген қазақстандықтардың 64,43% дауыс беріп үлгерген

Референдум-2026: тізімге енген қазақстандықтардың 64,43% дауыс беріп үлгерген

Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында.

  • 15 Наурыз
  • 2
Фото: Ақорда

Бүгін, 15 наурыз күні сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 8 миллионнан астам адам бюллетень алып үлгерген. Референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы бірінші орынға шыққан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 029 286 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енген азаматтардың 64,43% тең», — деп хабарлайды Орталық референдум комиссиясы.

Жалпы, сағат 16:00-дегі жағдайға сай, статистика мынандай:

  • Абай облысы 69,29%
  • Ақмола облысы 71,33%
  • Ақтөбе облысы 77,65%
  • Алматы облысы 68, 23%
  • Атырау облысы 64,33%
  • Батыс Қазақстан облысы 60,61%
  • Жамбыл облысы 70,31%
  • Жетісу облысы 68,50%
  • Қарағанды облысы 72,63%
  • Қостанай облысы 70,96%
  • Қызылорда облысы 82,02 %
  • Маңғыстау облысы 68,19%
  • Павлодар облысы 68,41%
  • Солтүстік Қазақстан облысы 60,70%
  • Түркістан облысы 72,3%
  • Ұлытау облысы 66,50%
  • Шығыс Қазақстан облысы 78,98%
  • Астана қаласы 47,76%
  • Алматы қаласы 28,16%
  • Шымкент қаласы 72,61%.

«Сондай-ақ, Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылған», — деп хабарлады ОРК өкілі.