Жарияланды: 480

Референдум бастамасын көтерген Ерлан Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды

Еліміздегі ең ірі білім ордаларының бірінде жаңа басшы тағайындалды. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне енді Ерлан Сыдықов жетекшілік ететін болады. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес бұрынғы ректор Бақытжан Әбдірайым қызметінен босатылды. 

Оның орнына келген Ерлан Сыдықов болса, осыған дейін Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетті басқарып келді. Бірақ елге ол тек білім беру саласының беделді өкілі ретінде ғана емес, референдум идеясының бастаушысы ретінде танылып үлгірді. Естеріңізде болса, Шығыс Қазақстаннан шыққан бастамашыл топ Президенттің өкілеттілігін ұзарту үшін бүкілхалықтық референдум қажеттілігін алға тартып, 5 млн.-нан астам қол жинаған. Ақыры Атазаңға өзгеріс енгізуден Президенттің өзі бас тартты. Дегенмен Ерлан Сыдықовтың еңбегі ақталмай қоймады. Астанадағы лауазымды жұмысына ол бүгіннен бастап кірісті.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін