Жарияланды: 40

Референдум-2022: бес сағатта қазақстандықтардың 43,70%-і дауыс берді

Референдум-2022: бес сағатта қазақстандықтардың 43,70%-і дауыс берді

Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі республикалық референдумда тұрғындардың 43,70%-і проценті дауыс берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Өңірлердегі аумақтық комиссиялардың мәліметі бойынша сағат 12.00-дегі жағдай бойынша республикалық референдумда сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 43,70%-і бюллетень алды", - деп мәлімдеді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы және Қарағанды облысы белсенділік танытуда. Алматы қаласы сайлаушыларының белсенділігі бәрінен төмен. Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша республика бойынша сайлаушылардың 28,59 проценті дауыс берген болатын. Қазақстандықтар он мыңнан астам учаскеде дауыс беріп жатыр.

Референдум учаскелері елдің басым бөлігінде астана уақытымен таңғы сағат жетіде, ал бес өңірде уақыт белдеуіне байланысты бір сағатқа кеш ашылды. Елордадағы сайлау учаскелерінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та өз таңдауын жасады. Сонымен қатар сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, министрлер мен әкімдер де дауыс берді.

Айта кетері, республикалық референдумда 11,7 миллионнан астам адам дауыс беруге құқылы. Заң бойынша, референдум өткізілген болып саналуы үшін сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін