Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оның мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін 4 миллионнан астам азамат дауыс беріп, қатысу көрсеткіші 37,5%-ды құрады.
Ақпарат Астана уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша берілді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, өңірлер бойынша қатысу көрсеткіші төмендегідей:
- Абай облысы — 41,93%
- Ақмола облысы — 44,66%
- Ақтөбе облысы — 45,73%
- Алматы облысы — 40,41%
- Атырау облысы — 42,29%
- Батыс Қазақстан облысы — 36,59%
- Жамбыл облысы — 35,86%
- Жетісу облысы — 43,32%
- Қарағанды облысы — 42,95%
- Қостанай облысы — 37,10%
- Қызылорда облысы — 43,18%
- Маңғыстау облысы — 34,57%
- Павлодар облысы — 36,57%
- Солтүстік Қазақстан облысы — 41,64%
- Түркістан облысы — 44,13%
- Ұлытау облысы — 36,59%
- Шығыс Қазақстан облысы — 42,88%
- Астана — 31,23%
- Алматы — 14,85%
- Шымкент — 42,59%
Айта кетейік, 15 наурызда Қазақстанда Конституциялық реформаға қатысты республикалық референдум басталды.
Бұған дейін Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің алдын ала таратылды деген қауесеттерге қатысты түсініктеме берген болатын.