Рэкетирлер түрік бизнесменінің ағасын ұрлап, оны босату үшін $150 мың талап еткен - kaz.caravan.kz
  • $ 488.11
  • 530.09
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рэкетирлер түрік бизнесменінің ағасын ұрлап, оны босату үшін $150 мың талап еткен

Рэкетирлер түрік бизнесменінің ағасын ұрлап, оны босату үшін $150 мың талап еткен

Қазақстанда пластик құбырларды сатумен айналысатын Түркия азаматының ағасын ұрлап кеткен рэкетирлер тобы оны босату үшін $150мың талап еткен.

  • 22 Маусым 2011
  • 491
Фото - Caravan.kz

«Рэкетирлер Түркия азаматын ұрлаған соң (9 маусымда сағат 20 шамасында — ҚазТАГ) оның ағасымен байланысқан (ұялы байланыс арқылы – ҚазТАГ). Алматыда 5 жылдан артық уақыт тұратын түрік бизнесменінен туысын босату үшін $150 мың талап еткен», – деп мәлім етті қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы (ҰҚКБ) бастығының орынбасары Бақыт Балғымбаев.

Оның ақпаратына сәйкес, шетелдік азаматтың ұялы телефонына хабарласқан қаскүнемдер келесі тәуліктің кешіне дейін ақшаны дайындап қою туралы шарт қойған. Олай болмаса, туысын өлтіреміз деп қорқытқан.

Бизнесмен ресми түрде арызданған соң, ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 125 б. 2 . қарастырылған (бір топ адамның сөз байласып адамды ұрлауы) қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады. ҰҚКБ оперативті қызметкерлері мамыр айында Алматыға құрылыс материалдарын сату үшін келген 38 жастағы кәсіпкерді босату операциясына дайындала бастады.

Оперативті-іздестіру шаралары барысында полиция шетелдік азаматты Наурызбай батыр көшесіндегі үйдің кіре берісінен ұрлағанын анықтады. Қылмыскерлер оны күшпен көлікке отырғызып, басына қап кигізіп, Алматыдан 150 шақырым жердегі Нұра елді мекеніне алып кетіп, сондағы бір үйде ұстап, соққыға жыққан.

«Біз көптеген оперативті және арнайы шаралар жүргізгеннен кейін қылмыскерлердің бұл адамды ұзақ уақыт бақылап жүргенін нақты айта аламыз: олар оның жұмыс кестесін, қаламен жүретін бағытын зерттеген, тіпті бос уақытын қайда өткізетін жерлерді де білген», – дедіБ.Балғымбаев.

ҚазТАГ-қа ақпаратқа қанық дереккөздерден белгілі болғанындай, қылмыскерлер кепілдікке алған адамның ағасына 11 номерден 19 рет телефон соғып, ақша әкелетін түрлі орындарды белгілеген, алайда бір де бір кездесуге келмеген.

12 маусымда таңғы сағат 6-да ғана оперативті-тергеу тобы рэкетирлерді шетелдік азаматты босатуға мәжбүрлеген, ол Пушкин және Мәметова көшелерінің қиылысына жақын маңнан табылды.

«Жәбірленушінің денесінен ұрып-соққанның іздері анықталды. Күдіктілер оның жағын сындырған. Бірақ қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», — деді Б. Балғымбаев.

ҚР ҚПК 100 бабына сәйкес (жәбірленушілердің, куәгерлердің, күдіктілердің, айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысатын басқа да адамдардың қауіпсіздік шаралары) түрік бизнесмендерін күзетке алған полиция Алматы ҰҚКД бірлесіп, күдіктілерді іздестіру шараларын жалғастырды.

Рэкетирлерді ІІД арнайы жасағы өткен сейсенбі күні қолға түсірді.

Ұсталғандардың арасында Жамбыл облысынан келіп, Алматыда Фурманов көшесіндегі бір үйде тұрған 31 жастағы жұмыссыз және Алматыда тұратын Алматы облысының 24, 27, 28, 32 жастағы тумалары бар.

Нақтыланбаған мәліметтерге сәйкес, сыбайластардың біреуі ғана бұрын тонаушылық үшін шартты түрде 2 жылға сотталған.