Рейхстаг шабуылына қатысқан соңғы Ұлы Отан соғысы ардагері Федор Бакуменко 97 жасында дүние салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ардагер 22 сәуірге қараған түні өмірден озып, Ақтөбе облысы Қобда ауданында жерленді.
"Мен Рейхстаг төбесінде кеңестік ал қызыл тудың желбірегенін көрдім. Сол кезде бәріміз көзімізге жас алдық", — деп еске алып отыратын ардагер Бакуменко.
Басылымда жазылғандай, Фёдор Бакуменко Рейхстагқа ту тіккен Егоров және Кантариямен жақсы таныс болған екен.
Ардагер Отан соғысы және III дәрежелі Даңқ ордендерімен, "Ерлігі үшін" медальдерімен марапатталған.
Оқи отырыңыз:
Қонақтарды қарсы ал, Таймас: Мақпал Жүнісова туыстарына итін жұмсады
Шығыс Қазақстанда 7 адам отырған қайық Ертіске батып кетті
20 жастағы жігіт биені зорлаған